22 наурыз: қылмыс хроникасы

22222

Облыстық полиция департаменті 22 наурыз күні өңірімізде жасалған қылмыстар мен заң бұзушылықтардың есебін қорытындылады. Мерекенің екінші күні 15 қылмыс тіркелсе, тәртіп сақшылары оның 12-сінің ізін суытпай ашыпты.

«Науырзым ауданында 41 жасар ер адам мас күйінде ұрыс-жанжалдың салдарынан 52 және 39 жасар таныстарын өлтірді. Рудныйда тонау қылмысы әшкереленді: жасөспірімдер өтіп бара жатқан адамның құндыз тымағын тартып алған. Бұл қылмыс дереу ашылды. 4 ұрлық тіркеліп, оның 2-і ашылды. Қоғамдық орындарда жасалған 2 бұзақылық та әшкере болды. Бір тәулікте өңірде 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам зардап шекті» – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында

1111

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓