Ұрылар ұсталды

Сәуірде Қостанай полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны арыз берген. Олар қаражатты, тұрмыстық техника мен алттыннан жасалған бұйымдарды ұрлағандарды ұстау туралы өтініш білдірген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". ФОТО-СОТ-1 (1) Келтірілген залал мөлшері үш миллион теңгеден асқан. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу шарасын полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған. Жедел іздеу шаралары барысында полицияның солтүстік бөлімі қызметкерлері 37 және 38 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта олар Рудный қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. 
Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓