Аудандарды аралады
Облыс әкімі облыс өңірлеріне жұмыс сапарымен барды. Бірінші кезекте Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін орта мектеп құрылысының барысын қарап шықты. Жобаның жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды, оны 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Әулиекөл ауданындағы су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен таныстым. Аудан әкімі Е. Теменов елді мекендерді және су өткізу құбырларын қардан тазалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Одан әрі Қарасу ауданының су тасқынына қарсы дайындығымен танысты. Зеленов ауылында мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын қарап шықты. Ал Қарасу ауылында қар шығару жұмыстарын назарға алды. Ағымдағы жылдың қысқы кезеңінде ауданның елді мекендерінен 59,3 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Сондай-ақ Қарасу өзеніндегі жарылыс жұмыстарын бақылады. Өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу мұздың кептелуін болдырмайды, елді мекендерді су басу қаупін төмендетеді.
Жалпы, ағымдағы жылы облыс өзендерінде 15 мұз жарылысы өткізілді, 4 тоннадан астам жарылғыш заттар қолданылды. Алтынсарин және Қамысты аудандарында жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сапар соңында аймақ басшысы Қарасу ауданында пандемияға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты. Сондай-ақ, Әулиекөл және Қарасу аудандарының әкімдеріне өңірлердің су тасқыны жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.