20 млн теңге – жәрдем үшін
"Варваринский" АҚ және "Комаровский" ЖШС Қостанай облысы әкімдігіне коронавирус пандемиясының өңірде таралмауына қарсы күрес үшін 20 млн теңге бөледі.
Қаражат залалсыздандыру заттарын, медициналық бетперделер,сондай-ақ өзге де инфекцияның алдын алу шараларына бағытталады.
Елбасы Н.Назарбаевтың республикалық Қор құру туралы ұсынысына жауап ретінде Қостанай облысында соған ұқсас «Densaylyq Qostanai» қаржы жинау қоры құрылды.