Айбыны асқақ Ата Заң

Қазақстан Республикасы жалпыхалықтық референдум арқылы өзінің конститутциясын қабылдағалы бері Қазақстан халқы жасампаз дәуірде өмір сүріп келеді. Ата Заң елдің экономикалық, әлеуметтік саяси жүйесін нығайтып, саяси реформалардың тиімділігін арттырды. Ел тарихындағы аса маңызды, мерекеге орай қостанайлықтардың  пікірін білген едік.
 
Бауыржан ҚасымқанБауыржан ҚАСЫМҚАН,
«Qostanai» телеарнасының тілшісі:
Заңсыз тәуелсіз елдің болуы, заңға бағынбай өсіп-өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттің Ата Заңын сыйлау, ережелерін бұлжытпай орындау – әр азаматтың парызы. Қазақ хандығының заманында да ұлан-ғайыр ел мен жердің құт-қадірін күзеткен заң-жарғылар болған. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Қазіргі тәуелсіз еліміздің, Ата Заңымыздың арқасында бүкіл дүниеге атымыз мәшһүр болып жатыр. Конституция күні – еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі. Осы күнге орай Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!
 
Нұржан ОразғалиұлыНұржан ОРАЗҒАЛИҰЛЫ,
Қостанай облысы Білім басқармасының бөлім басшысы:
Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, отанымызды, тарихымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Еліміздің Ата Заң күні құтты болсын!
 
Кенжеғали БимағанбетовКенжеғали БИМАҒАНБЕТОВ,
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
Ата Заңымызда елімізідің мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп бекітілді. Конститутция адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Сондықтан да ана тіліміздің дамуына басымдық бере отырып, конститутция халықтың мүддесіне сәйкес қызмет етіп келеді. Ата заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың дәлелі. Еліміздің елеулі мерекесі Конститутция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
 
 
Гулдерай ХалыкГүлдерай ХАЛЫҚ,
жас маман:
Ата Заңымыз мемлекетіміз бен қоғамымызда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың алға басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Бүгінде айбары асқан қуатты елге, дәулеті тасқан әлеуетті мемлекетке ұластық. Бұған түрлі ұлт өкілдері конститутцияның қағидаттарының төңірегіне топтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатқаны дәлел. Ата Заңымыздың абыройы асқақ, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!
 
 
 
 
Гүлнұр КәкімбекГүлнұр КӘКІМБЕК,
ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушысы:
Егемендігіміздің тұрақтылығын сақтап тұрған Конституция күні баршамызға құтты болсын! Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ауқымды істер атқарылды.Тыныштығымыздың тірегі Ата Заңымызды қастерлеу, құрметтеу – барлығымыздың басты міндетіміз. Еліміз аман, бейбітшілікте, тоқшылықта өмір сүре берейік.
      
 
 
 
 
Асем ЕдресоваӘсем ЕДРЕСОВА,
жас маман:
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты. Ата заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі ел аумағында көптеген ұлт өкілдерінің жүздеген жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Атаулы мерекемен құттықтай отырып, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін. Береке-бірлігіміз мәңгілік болғай!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓