Азық-түлік қоры жеткілікті

Короновирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу мақсатында облыста аймақтық комиссия құрылды, оның қызметіне облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукеновтің айтуынша, Үкімет азаматтарды азық-түлікпен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша коронавирусқа байланысты арнайы алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен.1583859600_news_b
-Барлық өнім бойынша тауар қоры халық сұранысын толық өтейді. Тапшылық қаупі жоқ. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық сауда объектілері: облыс аумағындағы азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады, Нан-тоқаш өнімдерін сатуды тек оралған күйінде жүзеге асырады. Төтенше жағдай кезінде біздің алдымызда екі басты міндет тұр. Біріншіден, облыс тұрғындарының  қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарында, көтерме қоймаларда және қоймаларда азық-түлік тауарларының қажетті қоры болуы тиіс. Екіншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеуіміз керек,-деді Ж.Тәукенов.
Бүгінде облыс азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етілген. Бәрі де өз өнімдеріміз. Өңір  сүтпен, етпен,жұмыртқамен, ұнмен, картоппен 2 еседен астам, көкөністермен 100% қамтамасыз етілген. Негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және қорларды қамтамасыз ету бойынша шаралар уақтылы қабылданды. Өңірлік тұрақтандыру қорында 6,6 мың тонна өнім сақталған. Қор облыс тұрғындарын картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құс еті, жұмыртқа, қарақұмық жармасы, өсімдік майы және қант – бір айға, сары май – 4 айға, тұз – 7 айға жетеді. Ұн және макарон өнімдерінің бір жылдық қоры бар.  Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің ішінде облысқа тек қант және тауық еті ғана импортталады. , Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. Тұрақтандыру қорындағы  азық-түлік үнемі толықтырылып отырады. Бөлшек саудада өнімді жеткізумен іркілістер жоқ, ТҚҚК қажетті қоры бар. Ешқандай дүрлігіс жоқ. Сауда-саттық тұрақты режимде жүріп жатыр.
Әлібек Ыбырай
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓