Мықты ел – тек мықты Елбасымен ғана

дейді қостанайдың зиялы қауым өкілдері
ҚМУ-дің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері мен университеттің ғылыми қоғамы және ректорат мүшелері бас қосып, мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауына байланысты дөңгелек үстел өткізді. Онда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Мақанов, белгілі ақын А.Шаяхмет, ветеринария ғылымдарының профессоры В.Гершун, философия ғылымдарының профессоры С.Қолдыбаев, ҚМУ-дің аға оқытушысы К.Орынбаева сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанның мән-маңызы мен еліміздегі саяси тұрақтылықты тілге тиек етті.Изображение 2 604
Басқосуға жиналғандардың бәрі де қазіргі уақытта әлем елдерінің дағдарысты бастан кешіп жатқандығын, бірақ біздің еліміздің осы күрделі кезеңге қарамастан тұрақты мемлекет ретінде танылып отырғандығын алға тартты. Сол себепті де, дөңгелек үстел басына жиналған зиялы қауым өкілдері алдағы уақытта да саяси-экономикалық қатерлердің алдын алып, халықты дағдарыстан алып шығатын көрегенді көшбасшыны таңдау маңызды екендігін тілге тиек етті. Әрі алда өтетін саяси додада тек Елбасыны ғана лайықты үміткер ретінде бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
 -Көп ұлтты Қазақстан үшін ең қажеттісі – ол саяси тұрақтылық. Ал, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты тек мықты Елбасы ғана қолда ұстай алады. Әлемде болып жатқан саяси қақтығыстарды көріп те, естіп те жатырмыз. Алысқа бармай-ақ, көрші елдерде болып жатқан жағдайларды айтуға болады. Ал, мұндайға жол бермес үшін біз ел болып алға қойған мақсатымыздан таймауымыз керек. Тек, мықты ел – мықты Елбасымен ғана осындай саяси ахуалдық жағдайларда жақсы нәтижеге жете алады. Сондықтан, біз бәріміз, яғни білім саласында еңбек етіп жатқан, ұрпақты тәрбиелеп отырған тәлімгерлер де осы саясатты ұстануымыз керек, – дейді ҚМУ-дің аға оқытушысы Кәмила Орынбаева.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Мақанов Елбасының алдағы саяси науқанға қатысуға өзін ұсынбағандығын, ол кісіні партияның ұсынғандығын, сосын ғана Президенттің сайлауға қатысуға келісім бергендігін алға тартты. Дегенмен, өзі де еліміздің азаматы ретінде алдағы саяси науқанда тек Елбасыны ғана лайықты үміткер ретінде қолдайтындығын әрі бұл сайлаудың Елбасы ұстанған саяси бағытты одан әрі қолдау үшін көпұлтты еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсету үшін қажет екендігін де жеткізді.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓