Сырттан келгендер қатаң бақылауда

Бүгін Қостанай қаласына “Мәскеу-Қостанай” SU-1952 ұшағы ұшып келді. Ондағы жолаушылардың барлығы медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Бәрінің де жағдайлары қанағаттанарлық.
13012593
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда 19 адам (Қазақстан азаматтары) провизорлық госпитальге жатқызылды, себебі олар короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 1 “А” санатына жатқызылатын Германия мен Испаниядан келді.  
Короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 1 “Б” санатына жатқызылатын Португалиядан келген 2 адам үйдегі карантинге жіберілді.  Сонымен қатар, 4 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды, 14 күн бойы күнделікті бақылау телефон шалу арқылы жүзеге асырылады. Олар короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығы бойынша 2-ші санатқа жатқызылатын АҚШ елінен келген.
Қазіргі таңда облыста 39 адам ауруханаға жатқызылды, 21 адам карантинге жіберілді.  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓