Көлік жүргізуге сенімхат алу жеңілдеді
Еліміздің электрондық үкімет порталында ҚР ішкі істер Министрлігінің жаңа онлайн қызметі іске қосылды. Бұдан былай кез-келген тұрғын ғаламтор арқылы автокөлікті басқару сенімхатын жаздыра алады.

Сенімхаттың санаулы секунда әзірленетінін айта кеткен жөн. Өтініш білдіруші порталда дайын сенімхатты өзінің жеке кабинеті арқылы қарап, еркін шығара алады. Қызмет тегін көрсетіледі.
Жұматай Кәкімжанов