Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының есебінше республикалық қордан бөлінген несие мен трансферттер толық игерілмеуде.
Осыған сай, еліміздің бас қоржынынан алынған 2,2 млрд. теңге кері қайтарылуы тиіс. Жергілікті бюджеттің де 164,3 млн. теңгесі игерусіз қалған көрінеді. Әсіресе, Арқалық, Лисаков қалалары мен Жітіқара, Әулиекөл, Қостанай, Меңдіқара аудандарына аударылған қаржы қозғаусыз қалған.