Жалған ақпараттың жазасы
Қостанайда COVID-19 инфекциясының тарағаны туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде Қостанай облысының Қарабалық және Денисов аудандарында короновирустық инфекциямен ауыратын науқастар анықталғаны туралы хабарлама таратылды. Біз бұл ақпаратты теріске шығарамыз. Облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ!
Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 274-бабы шеңберінде қылмыстық іс қозғалды", – делінеді облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хабарламасында.
Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 274-бабы шеңберінде қылмыстық іс қозғалды", – делінеді облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хабарламасында.