Екі әйелдің өліміне кінәлі

Рудный қаласында болған жан түршіктірерлік қылмыс туралы полиция мәлімет берді. Рудный қалалық ПБ бастығының сөзінше, екі әйелді өлтірді деген күдікпен 39 жастағы әйел ұсталған.7c54c806d2dd3dab0071626c4ab28b2ed25d6008c531432ed6bc2d00b651c7ea
Осы жылдың 21 ақпанында қалалық ПБ кезекшілік бөліміне әлдебір әйелден 68 жастағы туысының телефон қоңырауына жауап бермей жатқанын хабарлаған. Кейін полицейлер анықтағандай, оның тағы 34 жастағы жиені жоғалып кеткен.
Жедел тергеу шаралары барысында, 23 ақпан күні Рудный қаласының бұрын кісі өлтіргені үшін істі болған 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта жоғалған екі әйелдің мүрдесі табылды. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 
Осы оқиға туралы Рудный ПБ басшысы Алик Бәжікбаев брифинг өткізіп, қанды қылмыс туралы кеңірек мағлұмат берді.snimok-3
Айтуынша, тәртіп сақшылары хабарлама түскеннен кейін жоғалған адамдардың үйіне барған.
"Пәтерде ешкім болмаған. Марқұмдардың бірі мүгедектер арбасымен жүретін жан болған. Әйелдерді іздеуге барынша күш жұмылдырылды. Бақылау камералары мен "Автоураган" жүйеснен бейнетаспалар алынды. 40 шақты автокөліктің мәліметтері тексерілді. Әр көліктің жүргізушілері шақырылды. 22 ақпанда шамамен таңғы сағат 4-тер кезінде күдікті жасырынуы мүмкін мекенжай анықталды.Сағат 6 шамасында күдікті ұсталды. Ол бірден кінәсін мойындады. Біз жедел жұмыс жүргізу арқасында оның жасаған қылмысының ізін жасыруына тосқауыл болдық. Қандықол 21 ақпан күні су қоймасына барып, қылмыс заттарын көметін шұңқыр дайындап қойған", – деді А.Бәжікбаев. 
Полицейлер бұдан арғысын баяндай алмайтындарын айтты. Қазіргі уақытта күдіктіні соттау мәселесі шешіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓