Бәрі елдің қамы үшін
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысының мәдениет және спорт салаларында коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Оған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов пен дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Елена Киреева қатысып, баяндама жасады. Онлайн-форматта өткізілген кездесудің тақырыбы COVID-19 таратылуына байланысты төтенше жағдай тәртібінде мәдениет және спорт объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері болды.
Екі ведомствода да, спикерлердің айтуынша, санаулы күндері қызметті қайта форматтап, барлық жоспарлы шаралар кейінге қалдырылған. Соған қарамастан облыстық филармония әртістері онлайн-алаңдарда қашықтықтан өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Жас оқырмандарға – Қостанай кітапханаларының аккаунттары, кітапхана қызметкерлері үнемі байланыста және әдістемелік көмек көрсетуге дайын.
Сондай-ақ, өңірде барлық спорттық іс-шаралар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу тоқтатылды. Пандемия кезінде спорт мектептерінде оқу-жаттығу сабақтары да демалысқа шықты. Спорт нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаудың жоғары талаптары енгізілген.
Сондай-ақ, өңірде барлық спорттық іс-шаралар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу тоқтатылды. Пандемия кезінде спорт мектептерінде оқу-жаттығу сабақтары да демалысқа шықты. Спорт нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаудың жоғары талаптары енгізілген.
–Барлық мәдени мекемелердегі жоспарланған шаралардың барлығы тоқтатылды. Сонымен қатар гастрольдік іс сапарлар да кейінге шегерілді. Барлық кітапханалар мен музейлерде келушілерге қызмет көрсету де уақытша тоқтады. Мұның бәрі әрине, індеттің таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқан қамдану. Оқушылардың демалысқа шығуына байланысты балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келушілердің қатары күрт өскен. Оларға жағдайды түсіндіріп, оқуға болатын әдебиеттерді тек онлайн арқылы дереккөздерін көрсете отырып, өздерінің қызметтерін ұсынуда. Ал іс шараларға алынған билеттер күйіп кетпейді, кейін осы билетпен мәдени шараға келе алады немесе кассаға келіп, қайтара алады, – деді мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА