20 адам провизорлық госпитальға орналастырылды

Бірақ бұған үрейленудің қажеті жоқ, өйткені аймақта коронавирус жұқпасы тіркелген жоқ. Әрі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері де COVID-19 коронавирус инфекциясы өршіп тұрған елдерден келген азаматтарды қатаң бақылауға алған.
koronavirus-5-640x394
Аталған департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сонымен, 1 “а” санаты бойынша жиырма адам ауруханаға жатқызылды, бұл Испания мен Германиядан келген Қазақстан азаматтары. Қазіргі уақытта олар Тобыл қаласындағы провизорлық госпитальде жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ, Швейцариядан келген 1 “б” санаты бойынша үй карантинінде 1 адам бар. Ал, екінші санат бойынша тұрғылықты жерінде орналасқан жеті адамды медицина қызметкерлері 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы бақылап отырады. Жалпы алғанда Қостанай облысында 695 төсек-орынмен провизорлық госпитальдар ашылды.
– Инфекциялық стационарлар Қостанай облыстық ауруханасы мен Рудный қалалық ауруханасының базасында орналасқан. Ал, сырттан келгендерді оқшаулауға арналған провизорлық стационар Тобыл қаласында орналасқан. Сондай-ақ, “Дружба” санаторийінде және Қарабаев оңалту орталығында (Меңдіқара ауданы) карантиндік резервтер дайындалды, – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Облыста Ресей Федерациясымен шекарада 8 санитарлық-карантиндік пункт құрылды, онда тәулік бойы медицина қызметкерлері, эпидемиологтар және шекара қызметтері жұмыс істейді.
Жалпы, өңірдегі жағдай тұрақты. Коронавирус инфекциясын  жұқтырған адамдар жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓