Онлайн-дәрістер қалай өтіп жатыр?

Қазіргі уақытта әлемді жайлаған індеттің алдын алу шараларына байланысты білім беру ұйымдары бос тұр. Барлық мектеп оқушылары мен студенттер мәжбүрлі демалысқа шығарылып, қашықтан оқытылып жатыр.0r6pQgUd29_a4_710x444
Мәселен, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетінің басшылығы қазіргі таңдағы жайғадйдың қалай болып жатқаны туралы жан-жақты ақпарат берді.
"Үй жаңдайында оқудың қалай жүріп жатқаны көп тұрғынға түсініксіз болуы әбден мүмкін. Өйткені біздің менталитет мұндай үрдіске үйренбеген, бірақ бізде платонус және модул жүйелері бар. Бұл жүйелер білім үдерісіне қатысушылардың онлайн немесе оффлайн режимінде отыратынын мониторгингілеуге, ұдайы қадағалауда ұстауға мүмкіндік береді. Сондықтан, қазір мониторинг жасау жалғасып жатыр", – дейді ЖОО ректорының міндетін атқаушы Гүлвира Мұсабекова.
Бұл оқу орнында қазір студенттер тұрмақ, оқытушылар да жоқ. Короновирустың таралуының алдын алу аясында олар да дәріс беруді үйлерінде жүзеге асыруда. Мұның сыртында, олардың сабағын кез келген уақытта қайталап қарауға болады. Нақ осы платформада тапсырма орындап, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. 
"Күні кеше 148 дәріс берілген және оқытушылар мен студенттер арасында байланыс орнатуда ешқандай техникалық мәселе болған жоқ. Әрине, бәлкім, анағұрлым менталды және адами факторларға қатысты жайттар орын алған шығар. Өйткені әр оқытушының әртүрлі қабылдауы және әртү алуан машығы бар", – деп толықтырды Г.Мұсабекова.
ҚМПУ басшылығының айтуынша, ғаламдағы күрделі жағдайға байланысты, Оксфорд сияқты жетекші оқу орындары өздерінің онлайн кітапханаларына ақысыз негізде қосылуға мүмкіндік ашып қойған, ал бұл студенттердің ізденісі үшін үлкен көмек. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓