Табиғатты аялау – басты парыз

Адамзат баласы – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастың  тоқтаусыз даму үстіндегі құбылыс екенін кішкентайымыздан біліп өстік. Айналамызды қоршаған осы бір тылсым әлемнің бізге берері көп екенін де білеміз. Дегенмен соңғы уақытта адам баласы табиғатты қолдан бүлдіріп жатқаны да жасырын емес. Қазіргі дамыған заманда табиғатты өз пайдасына жаратып, қажетіне қолданып, тіпті, жасанды табиғатта жасап та жатыр. Соған байланысты экологиялық мәселе басты назарға алынды.
Қазір біздің еліміздің де табиғат байлығын қорғау ең негізгі мәселе болып отыр. Еліміздің экологиялық мәселесін айтқан кезде алдымен, Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін еске аламыз. Бар-жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Ең үлкен қасіреттің бірі 1947 жылы жарылған Семей полигоны, әлі күнге дейін зардабын тигізуде. «Табиғатымыз неге ластанады?» – деген сұрақ барлық адамдың көкейінде жүр. Меніңше, қоршаған ортаны ластайтын – өзіміз. Адамзат шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан жиі зардап шегуде. Тіпті, төрт ғасыр өтсе де, «мұрты» бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр. Тек қана осы зиянды заттарды қолдану арқылы мұхиттарымыз қоқысқа көмілудің алдында тұр. Пайдасынын зияны көп полиэтилен дорбалардан зардап шеккен мемлекеттер оны қолдануға тыйым салған екен. Еуропаның бірқатар елінде полиэтилен дорбаларды қолданбайды. Осы бағытта біздің елімізде «Жасыл экономика» тұжырымдамасы дайындалған. Мақсаты – 2030 жылы Қазақстанда қалдық өңдеу көрсеткішін 40 пайызға жеткізу. Инвестициялар және даму министрі: «Энергетика министрлігі әлемнің көп жерінде болып жатқан мәселені білгеннен кейін елімізді полиэтилен пакеттің қолданысына шектеу қоюды кезең-кезеңімен іске асыру туралы бастама көтерді. Біріншіден, полтэтилен пакеттердің тегін таратылуын жою қажет. Екіншіден, полиэтилен пакеттердің өндірісін тоқтату жүзеге асырылады», – деп, полиэтилен қалталардан құтылудың кешенді жоспарымен бөліскен болатын.
cellofan-1
Әрине,өте көңіл қуантарлық жоспар деп айтуға болады. Дегенмен бұл жоспарды жүзеге асыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілу керек деп ойлаймын. Әсіресе,балабақшадан бастап денсаулыққа зияны туралы кешенді жұмыстар атқарылса өз нәтижесін беретіні анық. Сонымен қатар биылғы «Еріктілер жылында» өзім де ауылымда «Полиэтилен пакеттен арылайық» тақырыбында акция ұйымдастырсам деген ойда жүрмін. Көктемнің алғашқы сенбіліктеріне ауыл жастарын біріктіріп, ауыл ішін зиянды заттардан тазартсақ дейміз. Тек тазартып қана қоймай, оның адам денсаулығы мен адам ағзасына зияны туралы түсінік жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Әр азамат өзінің көкірегі ояу, көзі ашық санасымен халық арасында сауатты жұмыстар жүргізсе жүзеге асады деп білемін.
Қорыта келгенде айтарым, әрқайсымыз табиғатқа жанымыз ашып, болашағымызды ойласақ, атқарылмайтын іс болмайды деп білемін. Дені сау, ауасы таза мемлекет құру – тек өзіміздің қолымызда.
 
Амангелді ауданы, Бүйректал орта мектебінің
оқушысы Гүлсезім Қуанышбаева

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓