Мұз жару басталды (БЕЙНЕ)

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және мұз кептелістерін болдырмау мақсатында 16 наурызда Б.Майлин ауданының орталығындағы Әйет өзенінінің көпіріне жақын жерде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.image-17-03-20-09-31
«35 ұңғыма бұрғыланды (тор 8 х 8 м), мұздың орташа қалыңдығы 0,5 метр. Жарылған мұздың жалпы көлемі 1365 текше метрді құрады. Жарылыс жұмыстарын "NIKSIT" ЖШС бригадасы орындады. Жарылыс жұмыстары комиссияның қатысуымен жүргізілді. Мұз жару жұмыстарына ТЖД (3 қызметкер және 1 бірлік техника), ЖАО (2 адам және 2 бірлік техника), "ӨС және АҚЖҚ" ММ ЖҚЖ (2 адам және 1 бірлік техника), ЖПҚ (2 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды. Су тоғандарындағы жарылыстар тасқын суларды өткізуді жеңілдетеді», – делінген хабарламада.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓