Таранға жаңа көше беріледі
Қостанайдағы жаңа көшелердің біріне Лаврентий Таранның есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы "НГ" газетінің сайты хабарлап отыр. Қостанай облыстық мәслихатының аппарат басшысының орынбасары Лейла Өмірбаева да бұл ақпаратты растайды. Оның айтуынша, қала тұрғындары тарапынан мұндай ұсыныс келіп түскен, алайда бұл өтініш жуық арада қаралмайтын болады.
-Өйткені қазір Қостанай қаласында Таран атындағы ресми түрде бір көше бар. Ол әзірше Тәуелсіздік деп өзгертілген жоқ. Бұл процедура шамамен әлі бір жарым айға созылуы мүмкін. Өзгертілген күннен бастап, Лаврентий Таранға жаңа көше іздейтін болады,-дейді Л.Өмірбаева.
Бұған дейін БАҚ өкілдерімен болған кездесуде қалалық мәслихат хатшысы Бағытбек Сәндібеков өз сөзінде: "Таранның еңбегін ешкім ұмытпайды. Келешекте оның құрметіне жаңа көше берілетін болады" деген еді.
Неге біреуге жалтақтауға тиіспіз? Атаусыз қалса да…
Дұрыс айтасыз. Онсыз да білдей бір ауданға атын беріп отырған жоқпыз ба Таран көкенің
Қорқақтар! Жалтақтайсыңдар да жүресіңдер қазақтар! Істе! Жер өзіңдікі! Кезнде бұлар аталарымызды қырғанда кімнен сұрап еді