Гір ұрлап, таң қалдырды

Лисаков қаласында бір пәтерге түскен ұры азық-түлікпен қоса 24 келілік гірді де алып кетіпті.
imgҮй иесі іссапарға кеткен екен. Пәтердің есігі бұзылып, ұры түскенін көршілер байқап қалса керек. Үйден бағалы заттар таба алмаған ұры тоңазытқыштың ішінде қалған азық-түлікті қанағат еткен. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 24 жастағы күдікті ұсталды. Ұрланған гір тәркіленді. Күдікті бұған дейін де ұрлық істеп, тәртіп сақшыларының көзіне түскен екен. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
 М.Қабдрахметова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓