Көлікке жүк артпаңыз

ҚР республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Уақытша шектеу енгізудің себебі неде? Бұл сауалдың жауабын білу үшін ұлттық жол активтері сапасының орталығы облыстық филиалына хабарластық.
Қазақстанда климаттың қатаң континенталды болуына байланысты көктемде еліміздің жолдарына түсетін жүктеме салдарынан жиі бұзылады.
depositphotos_151418232-stock-photo-truck-kamaz-with-a-trailer
– Нәтижесінде ылғалдың мол болуынан жол төсемесінің салмақты көтеру мүмкіндігі азаяды. Осы кезеңде жолмен жүріп өтетін жүк көліктерінің салмақ түсіруі салдарынан жол бетінде шұңқырлар мен жарықтар пайда болады. Жол төсемесінің тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 наурыздан бастап жүк салмағы 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, – дейді филиал директоры Абылайхан Алшынбаев.
Оның айтуынша орталық мамандары 2019 жылы жол-құрылыс материалдарының 600-ге жуық сынамасын зерттеп, 10 пайыздан астамын жарамсыз етті. Мердігерлер өз есебінен 144 млн теңге жұмсап, олқылықтардың орнын толтырған.
– Орталық мамандары жүк көліктерінің салмағын анықтап отырады. Аталмыш жолдарда фототүсірілім жасалынады. Көліктердің орнын, қандай шақырымды жүріп бара жатқанын, көлік туралы мәліметтерді орталық аппаратына жеткіземіз. Бұдан өлек көлік инспекциясын хабардар етеміз. Егер ведомстводан жауап болмаса, көліктік прокуратураға жүгінеміз. Осыны облыстың көлік жүргізушілеріне және жүк тасымалдаушы компаниялардың басшылығына жеткізгіміз келеді. Жүк көліктеріне қосымша салмақ артудың арты айыппұлдарға немесе басқа да шектеулерге әкеліп соғады, – деп түсіндірді Абылайхан Алшынбаев.

You may also like...

3 Responses

  1. Елдос Қарашин айтты:

    Жук таситын фирмаларда беспридел.Биринши соларды бакылап штраф салу керек. Бир сурак: бул тек республинскийй трасса ма? Обласной районный жолдарда 8+ тонна журе бере ма? 

  2. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі айтты:

    Қайырлы күн. Сауалыңызға байланысты, біздің ұйымның айыппұл салатын құзыреті жоқ. Біз тек осындай жайтты тіркеп, оны құзырлы органдарға жібере аламыз. Атаулы шектеу барлық қолданыстағы тас жолдарға қатысты.

    • Елдос Қарашин айтты:

      Ал біз соларды видиога тусирсек. Жанагыдай жайттарды сиздерге жиберуге бола ма. Ойткени Карасу ауданында, Аулиеколде маскара таза. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓