Ауа райы қолбайлау

Соңғы мәліметке сенсек, облыстағы егіс науқаны 75 пайыз орындалды, яғни 3 млн гектар алқапқа дән егілген. Дей тұрғанмен, соңғы уақыттағы ауа райының қолайсыздығы жұмысты іркіп тұр. егіс
Биыл көктем ұзаққа созылды. Салқындық пен жауын-шашын науқанды межеленген мерзімде аяқтай алмау ықтималдығын тудырып тұр. Бірнеше солтүстік аудан кестеден кешігуге мәжбүр. Егіс техникасы қанша сайлы десе де, олардың күш-қуатын толық пайдалану мүмкін болмай келеді. Көштен кешеуілдеп келе жатқан аудандар – Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл және Меңдіқара. Аталған өңірлердің диқандары ылғалдың шамадан тыс артуына байланысты, техниканы алқапқа шығара алмай отыр.
Дала жұмыстарын жоспардағыша атқарған аймақтарды да айта кеткен жөн. Жанкелдин және Аманкелді аудандары егін кампаниясын толық аяқтады. Арқалықтық шаруалар арқаны кеңге салудың сәл алдында – жұмыстар 90 пайызға орындалған. Денисов пен Қамысты аудандарының дән сіңірушілері де қаптың түбін қаға бастады.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов диқандардан егіс науқанын 3 маусымнан қалдырмай бітіру уәдесін алған еді. Бірақ кейбір өлке үшін бұл мерзімде үлгіру мүмкін болмайтын түрі бар…
Ал ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметінше, қазіргі басты міндет – бидай егуді неғұрлым ерте аяқтау, ал қалған дақылдар маусымның алғашқы бескүндігіне дейін "шыдай" тұрады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓