Жаңа жоба – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Қостанайдағы қант диабетіне шалдыққан балаларға қолдау білдіріп келе жатқан "Мархабат" қоғамдық қоры облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша құны 3 млн. теңгені құрайтын екі жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Қант диабетінің алдын алу, аурудың етек жайып кетуіне тосқауыл қою үшін балалар арасындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында  түрлі жұмыстарды атқарып жүрген қор мүшелері бұл жаңа жобалардың да сырқат балаларға қолдау білдіруде жаңа мүмкіндіктер ашатындығын айтады.
– Біз қолға алған екі жобаның да мақсаты –  балалар арасындағы қант диабеті ауруының алдын алу. Тұрғындар өз денсаулығына баса назар аударып, жыл сайын тегін тексерістен өтіп тұруды ұмытпаса екен дейміз. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында біз Қостанай мен Рудный қалаларында және Федоров, Қостанай, Сарыкөл, Қарасу, Науырзым аудандарында болып, "Саламатты қала", "Өзіңді диабетке тексер!" деген ұранмен акциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, "Кәсіпорында салауатты өмір салтын ұстануды қамтамасыз еткен ең үздік басшы" деген тақырыпта байқау жариялайтын боламыз, – дейді қоғамдық қор төрайымы Биға Бисетаева.
Қарлығаш
     ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓