Өзгерістер қаперіңізде болсын!

Өңір тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло 2020 жылғы 29 наурыздағы №4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде хабарлайды.нечитайло
«Қостанай облысының тұрғындарына, сондай-ақ Қостанай облысының аумағындағы басқа аймақтардың тұрғындарына маскасыз далаға шығуға және қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
Тұрғындардың тұрғылықты жерінен 22-00 сағаттан 06-00 сағатқа дейін тек ерекше қажеттілік болмаса (дүкендерге, дәріханаларға, қоқысты шығару, жұмысқа және т. б.), шығуы шектелсін.
Жолаушылардың Қостанай облысының аумағы бойынша барлық қоғамдық көліктерде (темір жол, автобустар, шағын автобустар, таксилер және басқалар) бетпердемен, таксиде артқы орындықта 2 жолаушыдан аспайтын адам жүруіне рұқсат етіледі», – делінген ақпараттық хабарламада.
Бұған дейін аймақтың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізгені жөнінде хабарлаған болатынбыз – https://old.kostanaytany.kz/archives/84004.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓