Ақынын ардақтап…

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясында облысымызға, одан қала берді республикамызға танымал ақын, драматург, аудармашы, журналист-көсемсөзші  Ақылбек Шаяхметпен кездесу болып өтті.
Академия магистрі А.Нұрсайтованың айтуынша, бұл кездесудің мақсаты болашақ офицерлердің бойына Отанына, туған жеріне, еліне  деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, сонымен бірге  ана тілімізді өркендету, оның мәртебесін биіктету, қолдану аясын кеңейту, оны мәдениеттің жоғары сатысына шығару  жолында атқарылып жат-қан игі  істерге тарту. Кездесу барысында  жылы лебізді әңгімелер айтылды,  болашақ жас офицерлер мен оқытушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын ақын ағамызға қойды.  Ақын  Ақылбек ағамыз болса өзінің өлеңдерін оқып, жиналғандардың  рухани көңілдерін марқайтты. Кеш соңында  жиналғандар  ақын ағаларымен естелік суретке де түсті.
Гүлназым
     САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓