Жаңаны жатырқамаңыз, апа
Қостанайда зейнет жасындағы кісілерге смартфон мен планшеттің мүмкіндіктерін, қыр-сырын үйрететін арнайы курс жұмыс істеп тұр. "Апалар, аталар және смартфон" деп аталатын сабақ жасы елуден асқан адамдарды ғана қабылдайды. Мамандарының айтуынша, бұл курстың ашылғанына бірнеше жыл, тек биылдан бастап келушілер белсенділігі артқан. Виртуалды әлемнің "тұтқасын тапқан" қариялар алғыстарын айтып кетуде екен.
Сабақ әр күн сайын Байтұрсынов көшесіндегі 67-үйде, облыстық кәсіподақтар кеңесі ғимаратында, сағат 18.30-да басталады. Ниет білдірушілерге есігі әрдайым ашық.