Көлем ұлғайып, өнім артады
2019 жылы 391 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінде өтіп жатқан жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамедов мәлімдеді."2020 жылы 5,2 млн гектар алқапқа дән себілмек. Оның 3 млн 850 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі. Биыл майлы дақылдар алқабы 700 мың гектарға көбейтіліп отыр", – деді Ғ.Нұрмұхамбетов.Әкім орынбасарының айтуынша, 2015 жылдан бері майлы дақылдар тұқымы экспорты 38% өскен. Қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс өнімділігі 2 есе, ал осы салалағы экспорт 8 есе артқан.Толық ақпарат кейінірек беріледі.
Аслан Қанғожин
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев