Қорға түскен қаржы қомақты

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде ағымдағы жылдың екі айында медициналық сақтандыру жүйесіндегі жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс шараға “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетова және филиал бөлімінің басшысы Асқар Қасымов қатысты.
медстрах брифинг
Филиал директорының айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2020 жылдың 28 ақпаны аралығында Қостанай облысының төлеушілерінен медициналық сақтандыруға 365 396 мың адамға 11 млрд 387 млн теңге аударылды. Оның ішінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 229 769 адамға 1 млрд 292 млн теңге сомасына жарналар мен аударымдар түсті.
-Медициналық сақтандыруды енгізу қысқа мерзім ішінде өз нәтижелерін беруде: егер МРТ бойынша статистиканы қарайтын болсақ, 2019 жылдың екі айында 167 қызмет көрсетілсе, ал ағымдағы жылдың тек қаңтар айында 186 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстық ауруханада бұрындары №1 тізімге енгізілген 59 ота жасалды, ал өткен жылы барлығы 187 ота жасалған болатын. Жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша жыл басынан бері төрт операция жасалды, ал былтыр небәрі 2 операция жасалған еді. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жүйенің енгізілуі науқастарға ақысыз көрсетілетін қымбат қызметтер санын көбейтуге мүмкіндік беруде. Сондай-ақ, 2019 жылы мейірбикелік күтім төсектерінде емделушілерге тек ақылы негізде көмек көрсетілсе, өткен жылдың 2 айында барлығы 13 науқас қана ақылы емделді. Биыл бұл қызметтер МӘМС есебінен көрсетіледі және осы кезеңде 9 227,9 мың теңге сомасына 125 науқас емделді. Өсім 9,5 есені құрап отыр, – дейді Сәуле Аймұхамбетова.
Брифинг барысында бөлім басшысы А.Қасымов Қордың пациенттермен кері байланыс түрі – вацап және телеграм бот туралы айтып берді. Онлайн режимінде медициналық сақтандыру туралы барлық ақпаратты алуға және сақтандырылушылықтың өзінің мәртебесін білуге болады. Ал, QR-кодтар арқылы, әрбір ұйымда орналастырылған және Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы медициналық ұйым туралы шағым, алғыс немесе пікір білдіруге болады.
 
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓