Зейнетақы мен жәрдемақы индекстеледі

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов теңгенің жаңа бағамы мен инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.image21652868_9223084dbcb9fbf5bfa9be1b53200eec
"Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындары да индекстелуі қажет болады", – деді Смайылов үкімет отырысы барысында.
Қаржы министрінің айтуынша, үкімет республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландырады.
"Қай бағытта оңтайландыратынымыз белгілі. Біріншіден, қымбат көліктер мен жиһаздар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу мәселесі. Бұл іс шараларға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді. Екіншіден бюджеттен қаражат бөлінуі қажет жобаларды кейінгі қалдыра тұруға болады", – деді Смайылов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓