Торғайда туризм дамиды

Арқалық қаласында Қостанай облысының оңтүстік аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған бизнес-форумда туризмді дамыту мәселесі көтерілді.
Қостанай облысы Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, форум жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің оңтүстік өңірлерді дамыту жөніндегі барлық идеяларын бір арнаға тоғыстырды. Туризм саласында нақты ұсыныстар мен жобаларды жүзеге асыратын уақыт келгенін атап өтті ол.
"Маңызды бағыттардың бірі – Торғай өңірінің жоғары туристік әлеуетін дамыту. Бұл рухани және мәдени-тарихи мұраға байланысты жүзеге аспақ. Торғайдың тарихи мекендері мен тұмса табиғаты туристерге қызық. Мысалы, Торғай геоглифтері үнемі ғылыми қауымдастық пен туристердің назарын аударады. Су температурасы 70°С-қа жететін Тентексай ыстық бұлағы, Қаратұз тұзды көлі, Құмкешу бархандары бүгіндері үлкен сұранысқа ие. Ал Амангелді ауылында құны 2,8 миллиард теңге болатын туристік көп функциялы кешен салынып жатыр. Ол оңтүстік өңірлер аумағында туристік кластер құруға мүмкіндік беретін болады. Ал туризм жұмыспен қамтудың және халық табысының өсуіне ықпал етеді, экономикаға түсетін инвестициялар ағынын ұлғайтуға көмектеседі, – деп есептейді Ерлан Қалмақов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓