Сараптамалық кеңестің отырысы

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың  төрағалығымен  қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті.
–2019 жылы Кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Әр отырыста кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Біздің сарапшылар қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі орыс тілінде сөйлейтін халықтың жазбаларын зерттеуде қиындық туғызады деген пікірмен бөліскен болатын. Осыған байланысты ішкі саясат басқармасы ауқымды  жұмыстар атқарды, – деді Марат Қонысбайұлы.
IMG_2944
IMG_2958
Білім беру ұйымдарында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк айтып берді . Оның айтуынша, 2019 жылы бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету 289 млн теңгені құраған. Оның ішінде тартылған қаражат – 233 млн теңге.
IMG_3014
–«Рухани жаңғыру»   бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы 124 жоба және 417 іс-шара  жоспарланып,  іске асырылды. Оған 200 мыңға жуық  адам қатысты.  Сондай-ақ, облыста меценаттардың көмегімен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 65 IT-сынып ашылды. Жалпы сомасы 325,4 млн теңге  болатын 30 робот техникасы кабинеті, оның ішінде 42 IT-сынып және 24 робототехника кабинеті ашылды. Осының арқасында біз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. 2019 жылы облыс оқушылары ең жоғары деңгейдегі беделді зияткерлік сайыстарда, соның ішінде ІТ-технологиялар саласында 69 медальға ие болды.  Сонымен қатар биыл Арқалық қаласында "Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер орталығының сандық мұражайын ашу жоспарда бар. Және  Абай Құнанбайұлы  мен Әбу Насыр Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге баса назар аударылмақ. Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын өткізудің бекітілген өңірлік жоспары аясында 10,5 млн. теңге қаржыландырумен 32 түрлі бағыттағы іс- шаралар жоспарланып отыр, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында іске қосылған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Саят Шаймұрынов баяндап берді.
IMG_3044
–«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылдан бастап " Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы іске асырылып келеді. Аталмыш  бағдарлама аясында 2017-2020 жылдары әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылды.Бүгінде Қостанай облысының жоғары оқу орындарына әр түрлі бағытта  54 атау бойынша 18832 оқулық берілді.  Сондай-ақ, жобаны ақпараттық ілгерілету мақсатында  «Qostanai», «Алау» теларналары мен  "Қостанай таңы" газетінде мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың шеңберінде 2019 жылы 624 материал жарияланды. Ағымдағы жылы  "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ- ның бағалауы бойынша тағы 40 оқулықты аудару күтілуде, – деді Саят Жұматұлы.
Шара барысында Марат Жүндібаев жергілікті билік әлеуметтік жобаларға қатысуға балалардың даму ерекшеліктеріне қарамастан,  инклюзивті білім беру сыныптарын ашуға меценаттарды  одан әрі  тарту қажет екеніне назар аударды.
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓