Күтпеген жағдай өкінішке соқтырды

Максим Жданов жоғарғы оқу орнының төртінші курс студенті еді. Сабақтан қолы босағанда спорттың самбо түрімен айналысатын. Бірде ол досымен дайындықтан үйлеріне қайтып бара жатып, жүргінші жолдан өтті. Айдатып бара жатқан жүргізуші жүргіншіге жол бермей, кілт тоқтады. Ашуға булыққан жүргізуші көліктен шығып Максимге ұмтылды. Балағат сөздер жаудыртып, Максимге бірнеше соққы берді. Максим өзін қорғап бірнеше қадам артқа шегінді. Артқа шегінуге  орын  қалмағанда өзін қорғамақ болып, жүргізушіге соққы қайтарып жібергенін өзі де байқамай қалды. Жүргізуші ауыр соққыдан тізерлей отырып қалды. Максим тағы да сол аяқпен бас жағынан теуіп қалды. Соңғы алған соққылардан көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болып кетті.
Сот қылмыстық істі қарастырып, М.Ждановты ҚР ҚК 103 бабы 3 тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айырып, жалпы тәртіптегі түзеу колониясына жазаны өтеу үшін жіберді.
Кейін сотталушының өтініші бойынша сот қаулысымен өтелмеген жаза мерзімі 2 жыл 10 ай бас бостандығынан шектеуге ауыстырылып, ҚР ҚК 45 бабы бойынша міндеттер жүктелді. Осылайша ойланбай істелген әрекеттің арты өкінішке әкеп тіреді.
Әсем Зенгитаева,
Қостанай аудандық ҚАИ әділет аға инспекторы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓