Өзге тілдің бәрін біл…”

Өңір мектептерін мұғалім мамандары-мен қамтамасыз етіп отырған Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жоспарлы іс-шаралар тізбегі жалғасуда. Осы аптада Тілдер және коғамдық пәндер бірлестігінің апталығы басталды.
"Ромео мен Джульетта" драмасынан үзіндіні ағылшын тілінде ойнап шыққан "Бастауыш білім беру" мамандығы  студенттерінің өнеріне көрермендер дән риза болды. Колледж директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Назымгүл Құмарқызы ағылшын халқының мәдениеті мен тарихына терең тоқталып, түсінік берді. Сондай-ақ, арнайы ұйымдас-тырылған ағылшын патшалығындағы кешке қатынасқан бала Дороти, Мери Поппинс, Шерлок Холмс, дәрігер Ватсон, Гарри Поттер, Робин Гуд қонаққа келіп, ағылшынша ән салды. Кеш аппақ бал көйлектерімен, ортаның сәніне айналған жұптардың жарасымды вальсімен аяқталды.
Күнжан
          Әбеу
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓