Халал сертификаты табысталды
Қостанай облыстық мешітінде ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы жамағат алдында сертификаттарды салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанайдағы «Beefstream» қасапханасының төрт қасапшысы арнайы оқытылып, «Халал» қасапшы куәліктеріне ие болды. Бұл – аталмыш құжатты алған тұлғалар әрдайым дастарғанымызда болатын еттің адал болуына кепілдік береді деген сөз.