Жүкті әйелдердің жұқтыруы жиілеп тұр

сайт1Өңірімізде коронавирустық инфекциялық ауруханасына жатқызылғандар арасында екіқабат әйелдердің түсуі жиілеп барады. Соңғы екі аптада мұндағы дәрігерлер аяғы ауыр 10 нәзік жанды қауіпті індеттен емдеп шығарған. Олар болашақ босанатын аналардың жай-күйін әзірге жақсы деп бағалап отыр.

сайт3
Алайда ақ халаттылар инфекциялық стационарға жүктілік кезінде түсетін келіншектердің сиремей жатқанына алаңдаулы. Осыған орай Қостанай облысының бас акушер-гинекологы Иван Янцен барлық өзінің әріптестерінің атынан үндеу жариялады:
«Құрметті қостанайлықтар! Мен алдымен өңіріміздегі қыз-келіншектерге, аналарға, әсіресе, аяғы ауыр нәзік жандыларға назар аударғым келеді. Жағдай осыған алып келген соң, БАҚ арқылы сіздерге үндеу жариялауыма тура келіп тұр. Менің сіздерге айтарым: өздеріңізге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ескерткен нұсқаулықты, ережені сақтаңыздар деген өтінішім бар. Бетперде тағыңыздар, көпшілік жерде әлеуметтік арақашықтық сақтап, қолдарыңызды жиі жуып, арнайы ерітіндімен залалсыздандырыңыздар. Уақытша жиындарға, шараларға бармағандарыңыз жөн. Қонақ шақыруды доғарыңыздар, өздеріңіздер де қонақшылап бармаңыздар. Өте қажет болмаса, тіпті, дүкенге де бармаңыздар. Абзалы – үйде отырғандарыңыз артық. Себебі, коронавирустық инфекция ересек адамдарға ғана емес, іштегі балаға да аса қауіпті. Басқаларына қарағанда, жүкті әйелдерді COVID-19 дертінен емдеу өте қиын. Сондықтан бүгіннен бастап өздеріңіздің денсаулықтарыңыз бен іштегі нәрестенің болашағын ойлаңыздар», – деді И.Янцен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓