Алыс-беріс, барыс-келіс көбеймек

Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның 2-ші аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. Қос елдің Үкімет басшылары қатысқан жиында агроөнеркәсіптік, өнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Маңызды шараға үкіметтік делегация құрамында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысты.фото
Қостанай облысының Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жеткен.      
         Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, форумның қорытынды отырысы аясында Премьер-Министрлердің қатысуымен 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген автомобильдерді сату және экспорттау үшін «Avtosanoat invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Группа компания Аллюр» АҚ арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓