Абайлаңыз! Көктайғақ!

26 ақпан күні Қостанайда жаңбыр сіркіреп, соңы көктайғаққа ұласты, – деп хабарлайды облыстық төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Соның салдарынан мертігіп жатқандар көп. Бірінің қолы сынса, бірі тобығын шығарып алған. Дәрігерлердің айтуынша, көмекке жүгінетіндер өте көп. Жалпы, соңғы екі айға жуық уақытта көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны 600-ге жуықтаған.images
–Дәрігерлердің көмегіне түскі уақытта жүгінгендер көп болды. Солардың 60 пайызы қолын немесе аяғын сындырып алған. Кейбірі ауруханаға жатқызылды, жеңіл жарақат алғандар үйлеріне қайтарылды. Қостанайды да көк мұз құрсап тұр. Таңертең жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналды. Балалардың қауіпсіздігі үшін түстен кейін сабақ болған жоқ. Мұнда көктайғақтан зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны күндіздің өзінде 25-ке жетті. Оның ішінде 17 адамның сіңірі созылған, – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травмотологы Алексей Солод.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпауды, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында абайлап өтуді ескертеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓