Білімнің кілті – АНА ТІЛІНДЕ

DSC_0144Қостанай педагогикалық колледжінде  тілдер күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті.
– Әрбір  халық ұрпағымен өркен жаяды. Сондықтан  жастар тәр-биесіне жеңіл қарау – ұлт тағдырына, қоғам мен мемлекет болашағына жауапсыздық таныту болмақ. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биіктегелі білім жүйесі де жаңаша бағыт-бағдарға ие болуда.  Өйткені білімнің кілті – ана тілімізде. Колледжімізде педагогтардың, тілдер кафедраларының  ана тілімізге, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен шет тілдеріне арналған шаралары тек Тілдер күні ғана емес, оқу жылы бойы ұйымдастырылатынын айта кеткеніміз жөн. Даярлайтын мамандарымыз да ертеңгі еліміздің тірегі болатын жастарымызға білім нәрін береді емес пе. Сол жас педагогтарымыз заман ағымына лайықты, жан-жақты білімді, бір тіл ғана емес бірнеше тіл білетін маманы болуға тиіс. Ал, енді осы іс-шараға келер болсақ,  жоғары курстың студенттері "Полиглот" интеллектуалдық ойын-ға қатысып, өздерінің білімдерін көрсетсе,  оқытушыларымыз студенттермен бірлесе республикамызда тұрып жатқан ұлт өкілдерінің тілдерінде құттықтау сөз сөйлеп,  сәлем берді. Қазақ, ағылшын тілдерінде  сергіту ойындары өтті.  Оқытушы Н.Төлешованың ұйымдастыруымен  қазақтың ұлттық ойындары  болды. А.Төлебаева мен А.Баранова болса ағылшын тілінде дидактикалық ойын ұйымдастырды.  "Караоке-брейк" те болды. Тілдер кафедрасы оқытушылары  бұл іс-шараларды ұйымдастыру барысында ең алдымен студент жастарымызға, яғни, болашақ мұғалімдерімізге  қазақ,  шет  тілін үйренуге  жағдай жасауға, креативті ойлауға, өз бетінше ізденуге, шығармашылығын дамытуға,  басқа да қосымша бағдарламалармен жұмыс істеулеріне  мән береді,– деді бізге Қостанай педагогикалық колледжінің  маманы А.Молдақалықова.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓