Бейнекамералардың көмегімен
Бейне қадағалау камераларын орнату – көшелер мен қоғамдық орындардағы ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесудің бір тәсілі. Қостанай қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының бейне камералары күніне қаншама құқық бұзушылықты тіркеп, оларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Жедел басқару орталығы облыс орталығының көшелері мен қоғамдық орындарындағы 156 камерамен жағдайды бақылауда ұстайды. Қостанай қаласы ІІБ ЖБО бастығы Асылбек Бикеновтың айтуынша, жыл басынан бері полицейлер 11281 құқық бұзушылықты анықтаған, оның 144-і ұсақ бұзақылық. Тұрғын үйлер аулаларындағы "Қауіпсіз аула" камераларының көмегімен әртүрлі әкімшілік бұзушылықтардың 2055 фактісі анықталған.