Улы химикаттар сатуға шектеу қойылды

Елімізде жәндіктерге қарсы улы химикаттарды сатуға тыйым салынды. Бұл туралы облыстық тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен брифингте айтылды.
санэпидка
Ведомство басшысының орынбасары В.Нечитайлоның айтуынша, ағымдағы жылдың 20-шы ақпанында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н.Сәдуақасовтың “Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу туралы” қаулысы шықты. Осыған сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қауіптіліктің 1, 2 3 санатқа жататын қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын халыққа сатуға тыйым салынды. Бұған адамдардың улану, соның ішінде өліммен аяқталу жағдайлары себеп болып отыр. Мәселен, 2020 жылы дезинсекция және дератизация құралдарымен уланудың 11 жағдайы тіркеліп, біреуі өліммен аяқталған.
-Қазір жәндіктерге қарсы улы химикаттар бақылаусыз сатыла беретін болды. Кез келген адам 1 және 2 санаттағы уландырғыш заттарды сатып алып, пайдалана береді. Алайда, қауіпсіздік ережелеріне мән бермейді. Жыл басынан бері осындай қауіпті заттардың салдарынан 11 жағдай, яғни Ақтауда сегіз адам, Шымкентте үш адам (оның біреуі өлім жағдайы) улану дерегімен тіркелді.  Сондықтан, осындай қауіпті улы заттарды сатуға тыйым салынып отыр, – дейді Владимир Нечитайло.
Егер сату жүзеге асырылса және қаражатты қолданғаннан кейін жағымсыз салдары болса, сатушы айыппұл түрінде жауап береді. Сонымен, жеке тұлғаларға 30 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне 230 АЕК, орта бизнеске 310 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал,  денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда қылмыстық іс қозғалады.
-Ел аумағында қолданылатын зиянкестермен күресу және зарарсыздандыру құралдары мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Рұқсат етілген қаражаттың тізімін Еуразиялық экономикалық одақ сайтында табуға болады. Яғни, сіз портал.eaeunion.org сайтына кіріп, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін таба аласыз, дәрі-дәрмектің атауын толтырып, сатуға рұқсат бар ма, соны тексере аласыз. Қауіпті 1, 2 санатты улы химикаттар үй ішінде қолданылмайды. Тұрғын үй ғимараттарында тек қауіптілігі төмен заттарды қолдануға ғана рұқсат етіледі, – деді департаменттің бөлім басшысы Дана Тұрсынбаева.
санэпидка1
Мамандардың сөзінше, барлық дезинсекция және дератизация құралдарының төрт қауіптілік санаты бар екенін есте сақтаған жөн. Олардың әрқайсысын пайдалану қатаң ережелер бойынша қорғаныш киім-кешек пен бетперде киіп жүргізіледі. Тек, 4 санатты құралдарды еркін пайдалануға рұқсат беріледі, себебі олар аз қауіпті болып саналады. Сондай-ақ, мамандар сақтық шараларынан басқа қосымша шарттардың сақталуы керектігін де ескертеді. Мәселен, егер көп пәтерлі үйдің тұрғындары өз пәтерлерінде қауіптіліктің 4-ші санатына жататын заттарды зарарсыздандырса да, олар көрші пәтерлердің тұрғындарын және тіпті кіреберісті алдын-ала ескертуге міндетті. Дәрілер мен дәрілік заттарды қолдану ережелері қатаң сақталуы керек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓