Тәртіпсіздік тыйылмай тұр
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасына жазды.Штаб отырысы барысында Б.Майлин, Жітіқара және Федоров аудандары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысы жан-жақты қарастырылды.
Мәселен, 2020 жылғы 17-23 қараша аралығында (7 күн ішінде) 649 рейдтік іс-шара өткізілген, 405 карантиндік шараларды бұзу әрекеттері анықталды, оның ішінде мониторингтік топтар 244, полиция қызметкерлері 161 заңсыздықты әшкерелеген.
"Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары әлі де жаппай және отбасылық іс-шаралар өткізуде, ал бизнес өкілдері санитарлық нормаларды бұзуда. Мысалы, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруына тыйым салынғанына және оларды жүйелі түрде ұстағанына қарамастан, аталған ұйымдар тыйым салынған уақыт кезеңінде өз қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда. Қозғалысқа тыйым салынған сәттен бастап «Народное» таксиі, «Урбан» таксиі, «Сити» таксиі жасаған 38 құқықбұзушылық анықталды. Құрметті облыс тұрғындары, барлық шаралар бірінші кезекте облыс тұрғындарының әл-ауқаты мен денсаулығын сақтау үшін қабылданды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", – декп жазады облыс әкімі.