Ынтымақты көздеген…

Қостанайға РФ Челябі облысының губернаторы Алексей Текслер бастаған делегация келді. Меймандар қатарында бірқатар министрлік мен компаниялар өкілдері бар. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов атап өткендей, бұл сапардың мақсаты – қос елдің экономикалық жағдайын дамыту, туризм-мәдениет саласындағы байланысты нығайту.
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.47
– 16 жыл бойы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекаралық ынтымақтастық форумы өткізіліп келеді. Қос ел арасындағы қатынастың маңыздылығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы шетелдік сапарында атап өтті. Біз әруақытта Челябідегі әріптестеріміздің шақыруын қабылдаймыз. Бұл жолы көршілес облыс өкілдері біздің өңірге концерттік бағдарламамен келді, – деді Архимед Мұхамбетов.
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.48
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.43
Қос облыстың жетекші кәсіпорындары, ұлттық компаниялары, атқарушы билік органдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Салтанатты рәсім «Жастар сарайында» өтті.
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.37.56
Жиын екі облыстың концерттік бағдарламасымен түйінделді.
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.39
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.38
WhatsApp Image 2019-10-15 at 18.36.35
Сапар барысы туралы толығырақ алдағы уақытта хабардар етеміз.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓