Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

№24 «а» бастауыш мектеп гимназиясының оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтті. «Болмасаң да ұқсап бақ» атты әдеби-музыкалық шараға 4 «ә» сынып оқушылары қатысты. Мәдени кештің құрметті қонақтары ақын, публицист, ғалым әрі аудармашы, Әлем халықтары жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, білім саласының ардагері Жұмабай Байжанов атақты ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты көп мәліметтер келтірді.IMG_1069
IMG_1027IMG_1073IMG_1035-Жақында ғана Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқудан үлкен шара өтті. Солардың арасында мүдіріп, айта алмай қалғандар да кездесті. Сендер кішкентай болсаңдар да, Абай аталарыңның өлеңдерін жатқа мүдірмей оқып бердіңдер, қара сөздерінен, өлеңдерінен өмірлік сабақ алыңдар,- деді ақын Серікбай Оспанов.IMG_1040
Шара барысында Әсия Байжанова «Көзімнің қарасы» өлеңін музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындап берді. Ал Жансая Есова, Бекехан Қасымбек Абайдың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын сахналап берді. Оқушылардың барлығы Абайдың өмірі туралы деректер келтіріп, қара сөздерін мәнерлеп оқып берді. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Күз», «Қыс», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы», «Жазғытұрым» өлеңдерін жатқа оқыды. Кемеңгердің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға алма-кезек жауап беріп отырды.IMG_1047
IMG_1087IMG_1066-Мұндай шараларды өткізудің мақсаты – тілімізді Абайдың шығармалары арқылы өзге ұлттарға таныту, оқушыларға насихаттау. Бұл тұрғыдан келгенде, хакім туындыларының мазмұны терең, айтар ойы биік, көзқара­сы ерекше, келешек ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі де, ұлағаты да мол. Абай өз өлеңдері арқылы оқушыларды бойын жаман әдеттен аулақ ұстауға, жақсылыққа құштар болуға үгіттейді. Ал Абайдың қай қара сөзін алсақ та жүректі тербетер, көңілге түйсік келтірер нақылдарға бай. Сондықтан біздің балалар ұлы ойшыл өлеңдерін жаттаумен, оқумен қатар оларда айтылған ұлағатты, нақыл сөздерді есте сақтап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді, – дейді №24 мектеп-гимназиясының мұғалімі Меруерт Антаева.IMG_1073
IMG_1094Сондай-ақ, ұлдар тобы «Желсіз түнде жарық ай» әнін тамаша орындап берді.IMG_1076IMG_1113
    Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓