ЖАЗБА АЙТЫС: Балтасар мен Нәрия
Құрметті жырсүйер оқырман! Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы мен облыстық "Қостанай таңы" газетінің ортақ жобасы – республикалық жазба айтыс басталды. Дәстүрлі дода биыл Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналып, "Мен бір жұмбақ адаммын…" тақырыбында өтіп отырғанын естеріңізге салайық. Осы жолғы жыр-жарыста Қостанай, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан, ұзын саны, 18 ақын бағы мен бабын сынап көрмекке тілек білдірді. Олай болса, қазылар алқасы жеребе тарту арқылы анықтаған алғашқы жұптың айтысын назарларыңызға ұсынамыз. Олар – Қостанай облысының ақыны Балтасар Ізтілеуов пен Нұр-Сұлтан қаласының айтыскер аруы Нәрия Ақбабақызы.
Балтасар Тұрысбекұлы Ізтілеуов Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Есір ауылында туған. "Жастар жырлайды", "Жас тұлпар", "Армысың, әз Наурыз?", "Көш керуен", "Менің тағдырым сенімен, Қазақстан", "Тарихтан тағлым", Көк тудың желбірегені", "Жыр алыбы – Жамбыл", "Науырзым – дәстүрлі ізгілігім" атты республикалық, облыстық, аймақтық айтыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінген. "Бейбіт күн кептерімін қанат қаққан" атты өлеңдер жинағының авторы. Қостанай облысының Меценаттар клубы тағайындаған "Шабыт" сыйлығының" лауреаты.
Нәрия Ақбабақызы – ҚХР-ның Алтай аймағы, Көктоғай ауданының тумасы. Өскен жері – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы. Нәрия 10 жасынан бастап айтыс сахнасына шыққан. Облыстық оқушылар айтысында талай мәрте топ жарған. Қостанай облысында өткен "Мәңгілік ел", "Кітапхана түні", "Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте", "Жыр алыбы Жамбыл", "Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды" және өзге де көптеген айтыста жеңімпаз, жүлдегер болған. Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларында өткен ақындар аламандарында да үздіктер қатарынан көрінген.
Олай болса, сөз кезегін ақындарға берейік.
Балтасар:
Кеудемде күй күмбірлеп, ән тасыған,
Дәстүрлі ұлы өнерім болса асығам.
"Қостанай таңы" жасап жазба айтысты,
Көп үміт күтіп отыр баршасынан.
Ассалаумағалейкум, оқырмандар,
Жыр күткен ақындардың алқасынан.
Шығыстың бір гүлімен жұп қылыпты,
Ойып алып ақындардың ортасынан.
Қырындап отыр ғой деп ойламасын,
Қарындастың қағамын арқасынан.
Балтасар балаң шықты алдарыңа,
Арадай омартаға бал тасыған.
Кеудемде күй күмбірлеп, ән тасыған,
Дәстүрлі ұлы өнерім болса асығам.
"Қостанай таңы" жасап жазба айтысты,
Көп үміт күтіп отыр баршасынан.
Ассалаумағалейкум, оқырмандар,
Жыр күткен ақындардың алқасынан.
Шығыстың бір гүлімен жұп қылыпты,
Ойып алып ақындардың ортасынан.
Қырындап отыр ғой деп ойламасын,
Қарындастың қағамын арқасынан.
Балтасар балаң шықты алдарыңа,
Арадай омартаға бал тасыған.
Қызыққа батырайын жыр алаңын,
Ағайын, сол болса егер сұрағаның?
Он сегіз ақын топқа қосылыппыз,
Көбінің шамасы елге, сірә, мәлім.
Алғашқы жұбы айтыстың екеуіміз ғой
Қарындасым жолықса, қуанамын.
Текті жұрттың баласы емес пе едік,
Сондықтан жөн болмайды-ау сынағаным.
Айтыс-тартыс болғанмен басты шарты,
Сыйласып, табайықшы бір амалын.
Жүз шайыссақ, онымыз кімге керек?
Жүзі жылы еді ғой бұл ағаның.
Ендеше, көрсетейік ақындардың
Баласы екендігін бір ананың.
Ағайын, сол болса егер сұрағаның?
Он сегіз ақын топқа қосылыппыз,
Көбінің шамасы елге, сірә, мәлім.
Алғашқы жұбы айтыстың екеуіміз ғой
Қарындасым жолықса, қуанамын.
Текті жұрттың баласы емес пе едік,
Сондықтан жөн болмайды-ау сынағаным.
Айтыс-тартыс болғанмен басты шарты,
Сыйласып, табайықшы бір амалын.
Жүз шайыссақ, онымыз кімге керек?
Жүзі жылы еді ғой бұл ағаның.
Ендеше, көрсетейік ақындардың
Баласы екендігін бір ананың.
Жырымнан ұсынайын бал сұрасаң,
Еліме шығып едім қарсы қашан?
Ал, енді, қарсыласқа бұрылайын,
Ағалық ілтипатым – хәл сұрасам.
Шығыстың қызы едіңіз, Нәрияжан,
Жақсылық ойлайтұғын халқына сан,
Сөз қағысып көрейік,елге ұнарсың,
Мен де енді жыр тұлпарға қамшы басам,
Ақылымды айтармын "қарындас" деп,
Жігерді жерге тығып жаншымасаң.
Кезегіңді берейін, ақ сөйлеші,
Ер болып не десең де ал, шыдасам.
Айым оңынан туғаны деп білемін,
Күн нұрындай шуақ шашып, жарқырасаң.
Еліме шығып едім қарсы қашан?
Ал, енді, қарсыласқа бұрылайын,
Ағалық ілтипатым – хәл сұрасам.
Шығыстың қызы едіңіз, Нәрияжан,
Жақсылық ойлайтұғын халқына сан,
Сөз қағысып көрейік,елге ұнарсың,
Мен де енді жыр тұлпарға қамшы басам,
Ақылымды айтармын "қарындас" деп,
Жігерді жерге тығып жаншымасаң.
Кезегіңді берейін, ақ сөйлеші,
Ер болып не десең де ал, шыдасам.
Айым оңынан туғаны деп білемін,
Күн нұрындай шуақ шашып, жарқырасаң.
Нәрия:
Арыныңыз қатты екен сарқыраған,
«Жарқыра» десең, аға, жарқырағам.
Жағдаймыз жақсы ғой, шүкір, біздің,
Ілтипаттан айналдым хәл сұраған!
Сізбенен жарасымды айтысуым,
«Жарты бақыт» секілді, жалпы, маған.
Ардақтап топқа қосқан елің қалай?
Аман-есен жүрсіз бе алтын ағам?
Арыныңыз қатты екен сарқыраған,
«Жарқыра» десең, аға, жарқырағам.
Жағдаймыз жақсы ғой, шүкір, біздің,
Ілтипаттан айналдым хәл сұраған!
Сізбенен жарасымды айтысуым,
«Жарты бақыт» секілді, жалпы, маған.
Ардақтап топқа қосқан елің қалай?
Аман-есен жүрсіз бе алтын ағам?
Айтысқа басын бұрып күреңімнің,
Ақырын аяңдатып жүре кірдім.
Армысыз, патша пейіл оқырмандар,
Бәйге алсам, иесі сен жүгенімнің.
«Қостанай таңы» жазба айтыс жасап,
Күндей сынды күлімдеуі-ай іреңімнің.
Студенттік бал шағым өткен мекен,
Бөтендігі жоқ бізге бұл өңірдің.
Төрт жылы бойы сіңіріп білім нәрін,
Маман жасап ұшырған түлегіңмін.
Сағынышты хат қылып жеткізсем деп,
Құлақты жазба айтысқа түре жүрдім.
Сәттісін маржан жырдың тізіп беріп,
Тәттісін арнасам деп тілегімнің.
Жазба айтыста еліме сөзім жетсе,
Дұрыс қой жасымауы жігерімнің,
Даусымды емес, жеткізіп өлеңімді,
Дүрсілін сездіртейін жүрегімнің.
Ақырын аяңдатып жүре кірдім.
Армысыз, патша пейіл оқырмандар,
Бәйге алсам, иесі сен жүгенімнің.
«Қостанай таңы» жазба айтыс жасап,
Күндей сынды күлімдеуі-ай іреңімнің.
Студенттік бал шағым өткен мекен,
Бөтендігі жоқ бізге бұл өңірдің.
Төрт жылы бойы сіңіріп білім нәрін,
Маман жасап ұшырған түлегіңмін.
Сағынышты хат қылып жеткізсем деп,
Құлақты жазба айтысқа түре жүрдім.
Сәттісін маржан жырдың тізіп беріп,
Тәттісін арнасам деп тілегімнің.
Жазба айтыста еліме сөзім жетсе,
Дұрыс қой жасымауы жігерімнің,
Даусымды емес, жеткізіп өлеңімді,
Дүрсілін сездіртейін жүрегімнің.
Білеміз ақиқаттың азбайтынын,
Білеміз асыл сөздің тозбайтынын.
Балтасар ағам бастап бұл айтысты,
Көрсетті тегін өлең жазбайтынын.
«Қарындасқа қырындай алмаймын» деп,
Байқатты ойын ұзақ созбайтынын.
Әйелінен қорқатын адамға ұқсап,
Қызық қой дәл осындай сөзді айтуың.
Әйеліңіз мойын болса, сіз бассыз ғой,
Білесіз басты мойын қозғайтынын.
Әйелі сап болғанда, ері – балта,
Керек қой қарындастық назды айтуым.
Балтасар ағам, міне, дәледеп тұр,
Балтасы өз сабынан озбайтынын.
Білеміз асыл сөздің тозбайтынын.
Балтасар ағам бастап бұл айтысты,
Көрсетті тегін өлең жазбайтынын.
«Қарындасқа қырындай алмаймын» деп,
Байқатты ойын ұзақ созбайтынын.
Әйелінен қорқатын адамға ұқсап,
Қызық қой дәл осындай сөзді айтуың.
Әйеліңіз мойын болса, сіз бассыз ғой,
Білесіз басты мойын қозғайтынын.
Әйелі сап болғанда, ері – балта,
Керек қой қарындастық назды айтуым.
Балтасар ағам, міне, дәледеп тұр,
Балтасы өз сабынан озбайтынын.
Ағадан сыйластықты ұғынасың,
Адамның адамдықпен құны басым.
«Шығыстың қызысың» деп айтып тұрсыз,
Қорғаған адамға ұқсап құмырасын.
Елге, жерге бөлінбеу – мақсатымыз,
Қалайша жершілдікке жығыласың?!
Қазаққа ортақ болсақ, арман бар ма,
Анықтап ақиқаттың құбыласын!
Даналардың жалғасақ дара жолын,
Ұсақталып қалмайды ірі басың!
Мысалы, адамдықтың жолы осы,
Қалайша тар ойлауға тығыласың?
Шығыстан шыққанменен хакім Абай,
Шашып тұр бар әлемге шұғыласын.
Адамның адамдықпен құны басым.
«Шығыстың қызысың» деп айтып тұрсыз,
Қорғаған адамға ұқсап құмырасын.
Елге, жерге бөлінбеу – мақсатымыз,
Қалайша жершілдікке жығыласың?!
Қазаққа ортақ болсақ, арман бар ма,
Анықтап ақиқаттың құбыласын!
Даналардың жалғасақ дара жолын,
Ұсақталып қалмайды ірі басың!
Мысалы, адамдықтың жолы осы,
Қалайша тар ойлауға тығыласың?
Шығыстан шыққанменен хакім Абай,
Шашып тұр бар әлемге шұғыласын.
Балтасар:
Аламанға ат қосқасын арқыратып,
Сөзімнің білген дұрыс парқын анық.
Еліміздің жағдайы, шүкір, тәубе,
Басшылар жүр шуағын жарқыратып.
Әмірхан әкім бастап домбыраны,
Әр үйге сыйлап жүрміз жарқыл қағып.
Жыл сайын мың домбыра күйін шертіп,
Домбыраны ұлықтайды халқым анық.
Абайдай бас ақынның жырын жаттап,
Теріп жүрміз өлеңнен алтын жақұт.
Алайда мына сөзің күмәнді екен,
Қалайда әкелмейді қарқын алып.
"Жарты бақыт емес пе айтысуым",
Дегенің тұр ойымды қалтыратып.
Қарындасты бір бақытты қылу үшін,
Қайдан табу керек екен жарты бақыт?
Аламанға ат қосқасын арқыратып,
Сөзімнің білген дұрыс парқын анық.
Еліміздің жағдайы, шүкір, тәубе,
Басшылар жүр шуағын жарқыратып.
Әмірхан әкім бастап домбыраны,
Әр үйге сыйлап жүрміз жарқыл қағып.
Жыл сайын мың домбыра күйін шертіп,
Домбыраны ұлықтайды халқым анық.
Абайдай бас ақынның жырын жаттап,
Теріп жүрміз өлеңнен алтын жақұт.
Алайда мына сөзің күмәнді екен,
Қалайда әкелмейді қарқын алып.
"Жарты бақыт емес пе айтысуым",
Дегенің тұр ойымды қалтыратып.
Қарындасты бір бақытты қылу үшін,
Қайдан табу керек екен жарты бақыт?
Жалғандығын білдіріп фәни бақтың,
Нәрияжан, сені енді тани жаттым.
"Қырындауға әйеліңнен қорқасың" деп,
Шеңберінен аспағайсыз ар-ұяттың.
Еркек бас, әйел мойын, басқарады деп,
Өзің айтқан сөзіңе нали жатқын.
Мойын қанша бұрғанмен ми болмайды,
Бұл өзі заңы емес пе табиғаттың.
Қарындасқа қырындамайм, қызғанамын,
Жүргесін жолыменен шариғаттың.
Нәрияжан, сені енді тани жаттым.
"Қырындауға әйеліңнен қорқасың" деп,
Шеңберінен аспағайсыз ар-ұяттың.
Еркек бас, әйел мойын, басқарады деп,
Өзің айтқан сөзіңе нали жатқын.
Мойын қанша бұрғанмен ми болмайды,
Бұл өзі заңы емес пе табиғаттың.
Қарындасқа қырындамайм, қызғанамын,
Жүргесін жолыменен шариғаттың.
Ойымды өлең қылып өріп тұрсам,
Қарындасты ағасына көрік қылсам.
Шығыстың қызы десем айып па екен,
Әлия мен Мәншүктей көріп тұрсам?
"Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа"
Деген сөзді қайтемін серік қылсаң.
Бөлініп жатқаным жоқ, құрмет қылып,
Қос апаңдай сертіңді берік қылсам.
Шығыстан талай текті дарын шыққан,
Ұлы Абайдың өзі шуақ төгіп тұр сан.
Қазақтың кең даласы бәріне ортақ,
Жаратқан кең пейілге беріп тұрған.
Қарындасты ағасына көрік қылсам.
Шығыстың қызы десем айып па екен,
Әлия мен Мәншүктей көріп тұрсам?
"Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа"
Деген сөзді қайтемін серік қылсаң.
Бөлініп жатқаным жоқ, құрмет қылып,
Қос апаңдай сертіңді берік қылсам.
Шығыстан талай текті дарын шыққан,
Ұлы Абайдың өзі шуақ төгіп тұр сан.
Қазақтың кең даласы бәріне ортақ,
Жаратқан кең пейілге беріп тұрған.
Нәрия:
Сөзіңіздің таныс қой салты маған,
«Артық» ойға бармайды «артық» адам.
«Жарты бақыт» дегенім – астарлы сөз,
Мін іздеп неғыласыз артық одан?
Бір бақытқа бір адам жетпей жүр ғой,
Мен қалай бермегенді тартып алам?!
Дегенмен бақыт үлкен болмайды екен,
Белгілі астарлы ойдың нарқы маған.
«Жарты бақыт» дегенім сізді ұтсам,
Жеңіске жақындаймын жарты қадам.
Сөзіңіздің таныс қой салты маған,
«Артық» ойға бармайды «артық» адам.
«Жарты бақыт» дегенім – астарлы сөз,
Мін іздеп неғыласыз артық одан?
Бір бақытқа бір адам жетпей жүр ғой,
Мен қалай бермегенді тартып алам?!
Дегенмен бақыт үлкен болмайды екен,
Белгілі астарлы ойдың нарқы маған.
«Жарты бақыт» дегенім сізді ұтсам,
Жеңіске жақындаймын жарты қадам.
Білеміз өмір заңын сүргендіктен,
Шешілмес кей кездерде күрмеу тіптен.
Абайдың «толық адам» ілімі бар,
Оқимыз ардың жолын сүйгендіктен.
Бойдағы міннен әлі арылмадық,
Бірліктен аулақ кетіп іргең тіптен.
Толық бақыт біздерге бұйырмай жүр,
«Толық адам» бола алмай жүргендіткен.
Шешілмес кей кездерде күрмеу тіптен.
Абайдың «толық адам» ілімі бар,
Оқимыз ардың жолын сүйгендіктен.
Бойдағы міннен әлі арылмадық,
Бірліктен аулақ кетіп іргең тіптен.
Толық бақыт біздерге бұйырмай жүр,
«Толық адам» бола алмай жүргендіткен.
Сөздерінің көрсетіп сұрапылын,
Ағамыз арнап жатыр кіл ақылын.
«Әйелде ми болмайды» деген сөзден,
Мән таппай тұрғаным-ай ұғатұғын.
Айтпас бұрын анаңызды еске алып,
Ойланып, анық басып, жүр ақырын.
Абайды да Абай еткен сол аналар,
Ұясы ұлттың намыс ұятының.
Тарих әлде қашан дәлелдеген,
Тектіден текті ғана туатынын.
«Ақылыңыз қысқа ғой» деген сөзбен,
Жөн емес тұғырымнан құлатуың.
Ұмытпаңыз, әлем білген алыптардың,
Артында ақылды әйел тұратынын!
Ағамыз арнап жатыр кіл ақылын.
«Әйелде ми болмайды» деген сөзден,
Мән таппай тұрғаным-ай ұғатұғын.
Айтпас бұрын анаңызды еске алып,
Ойланып, анық басып, жүр ақырын.
Абайды да Абай еткен сол аналар,
Ұясы ұлттың намыс ұятының.
Тарих әлде қашан дәлелдеген,
Тектіден текті ғана туатынын.
«Ақылыңыз қысқа ғой» деген сөзбен,
Жөн емес тұғырымнан құлатуың.
Ұмытпаңыз, әлем білген алыптардың,
Артында ақылды әйел тұратынын!
Ендеше, арулардың көтер құнын,
Сынамай қарындастың шекер жырын.
Әйелден қорқу жайлы әзілдеп ем,
Ағамыз ала қалды секем бүгін.
Қабырғамен кеңескен бабаларым
Өзгелерге көрсеткен өте ерлігін.
Осыдан дәстүріміз жойылмайды,
Біз секілді ақылдылар мойындайды,
Ежелден алтын басты арулардан,
Бақыр басты ер артық екендігін!
Сынамай қарындастың шекер жырын.
Әйелден қорқу жайлы әзілдеп ем,
Ағамыз ала қалды секем бүгін.
Қабырғамен кеңескен бабаларым
Өзгелерге көрсеткен өте ерлігін.
Осыдан дәстүріміз жойылмайды,
Біз секілді ақылдылар мойындайды,
Ежелден алтын басты арулардан,
Бақыр басты ер артық екендігін!
Балтасар:
Жарты бақыт бұйырар деп мені жеңсең,
Қарағым, құмарланып, шаттанбаңыз.
Адам емес, бір Алла десе болар,
Орынға өтпей жатып баптанбаңыз.
Үлкен бақыт дегенің – құлшылығың,
Мұхаммедтен біздерге сақталған із.
Бес дұшпанды жеңесіз Абай айтқан,
Бес уақыт құламасаң "тақтан" нағыз.
Алланың қалауымен қар жанады,
Бұйрық келген күні һақтан нағыз.
Жарты бақыт бұйырар деп мені жеңсең,
Қарағым, құмарланып, шаттанбаңыз.
Адам емес, бір Алла десе болар,
Орынға өтпей жатып баптанбаңыз.
Үлкен бақыт дегенің – құлшылығың,
Мұхаммедтен біздерге сақталған із.
Бес дұшпанды жеңесіз Абай айтқан,
Бес уақыт құламасаң "тақтан" нағыз.
Алланың қалауымен қар жанады,
Бұйрық келген күні һақтан нағыз.
Сөзіңде ұлы ақынның арай жатыр,
Қайран елге айтылған талай ақыл.
Әр сөзіңе үңіліп қарағанның,
Көңілі кең жайлаудай сарай жатыр.
Абайды ұғыну үшін, Абай болып,
Керек-ау ойлы көзбен қарай батыл.
Әйтпесе Абайдан мықтымын деп,
Айқайлайтын надандар манайда тұр.
Надандықтан сүйреді өрге қарай,
Қазақтың бар болмысы Абайда тұр.
Қайран елге айтылған талай ақыл.
Әр сөзіңе үңіліп қарағанның,
Көңілі кең жайлаудай сарай жатыр.
Абайды ұғыну үшін, Абай болып,
Керек-ау ойлы көзбен қарай батыл.
Әйтпесе Абайдан мықтымын деп,
Айқайлайтын надандар манайда тұр.
Надандықтан сүйреді өрге қарай,
Қазақтың бар болмысы Абайда тұр.
Неге ойың бір жерге жиналмайды,
Менің айтқан сөзіме иланбайды?
Тұғырымнан тайдырар деп ойласаң,
Ағаңа қарындастық сый қалмайды.
Аналардың миы жоқ демеп едім,
Нәрия өзін неге жиі алдайды?
Мойын басты бұрғанмен, білсін дедім,
Адам мимен ойлайтынын ұйғармайды.
Қайталап-ақ айтамын тағы саған,
Мойынменен ойлайтын ми болмайды.
Менің айтқан сөзіме иланбайды?
Тұғырымнан тайдырар деп ойласаң,
Ағаңа қарындастық сый қалмайды.
Аналардың миы жоқ демеп едім,
Нәрия өзін неге жиі алдайды?
Мойын басты бұрғанмен, білсін дедім,
Адам мимен ойлайтынын ұйғармайды.
Қайталап-ақ айтамын тағы саған,
Мойынменен ойлайтын ми болмайды.
Айта ма деген едім ұлтым жайлы,
Оқырман бізден үлкен жыр тыңдайды.
Аналардан ардақты жан болмайды,
Төндіреді неге бұған бұлтын қайғы?
Менің анам он бала тапқан жан ед,
Алтын құрсақтан еш құл тумайды.
Абайды Абай еткен аналар деп,
Түсіндірмек біздерге сылқым жәйды.
Нәрияжан, Құнанбайдай ер болмаса,
Абайдай ешқашан да ұл тумайды.
Оқырман бізден үлкен жыр тыңдайды.
Аналардан ардақты жан болмайды,
Төндіреді неге бұған бұлтын қайғы?
Менің анам он бала тапқан жан ед,
Алтын құрсақтан еш құл тумайды.
Абайды Абай еткен аналар деп,
Түсіндірмек біздерге сылқым жәйды.
Нәрияжан, Құнанбайдай ер болмаса,
Абайдай ешқашан да ұл тумайды.
Топқа түссек желдіріп құнан тайдай,
Армансыз қарындаспен шығам айға-ай.
Қарындасым, тезірек теңіңді тап,
Көнуің керек десең, ұғам жайды-ай.
Абайдай ұлы ақынның тойында бұл,
Жартыңды тауып алғын Құнанбайдай.
Армансыз қарындаспен шығам айға-ай.
Қарындасым, тезірек теңіңді тап,
Көнуің керек десең, ұғам жайды-ай.
Абайдай ұлы ақынның тойында бұл,
Жартыңды тауып алғын Құнанбайдай.
Ал, қарындас, көріктім, иман берік,
Бойына бар жақсыны жиған келіп.
Осыменен қош аман бол тілдескенше,
Тіршілікте бөліскен сый дәм бөлек.
Осыменен, оқырман, сен де аман бол,
Бізді оқуға уақытын қиған бөліп.
Алла жазса, шығармыз алдарыңа,
Жатса егер сөзімізге күй мән беріп.
Бойына бар жақсыны жиған келіп.
Осыменен қош аман бол тілдескенше,
Тіршілікте бөліскен сый дәм бөлек.
Осыменен, оқырман, сен де аман бол,
Бізді оқуға уақытын қиған бөліп.
Алла жазса, шығармыз алдарыңа,
Жатса егер сөзімізге күй мән беріп.
Нәрия:
Текті сөзді өскенбіз тыңдап анық,
Отырмын мен өзіңдік сырға қанып.
«Алла қаласа, қар жанады» деп отырсыз,
Бұл өзді қосқан жоқсыз тыңнан алып.
«Қар жанады» дегенді Абай сынап,
«Ант ұрғандық» деп еді шынға налып.
Абай сөккен мәтелді қолданам деп,
Ертеңгі күн жүрмегейсіз сынға қалып.
Текті сөзді өскенбіз тыңдап анық,
Отырмын мен өзіңдік сырға қанып.
«Алла қаласа, қар жанады» деп отырсыз,
Бұл өзді қосқан жоқсыз тыңнан алып.
«Қар жанады» дегенді Абай сынап,
«Ант ұрғандық» деп еді шынға налып.
Абай сөккен мәтелді қолданам деп,
Ертеңгі күн жүрмегейсіз сынға қалып.
Қалайша ағамызбен теңеспейік?
Көзіне көркем жандай елестейік.
«Құнанбайсыз тумайды» деген сөзді,
Шынымен біз білетін белес дейік.
Аналар жер болғанда, әке – аспан,
Сондықтан бұл жайында егеспейік!
Көзіне көркем жандай елестейік.
«Құнанбайсыз тумайды» деген сөзді,
Шынымен біз білетін белес дейік.
Аналар жер болғанда, әке – аспан,
Сондықтан бұл жайында егеспейік!
Ашуланып кетсе де көкем мейлі,
Қалайша қарындасы көтермейді.
«Ми болмайды, қайталап айтамын» деп,
Өзінше осы сөзін бекемдейді.
«Қайталау» білімге ана болғанымен,
Ақынға атақ-абырой әпермейді.
Қалайша қарындасы көтермейді.
«Ми болмайды, қайталап айтамын» деп,
Өзінше осы сөзін бекемдейді.
«Қайталау» білімге ана болғанымен,
Ақынға атақ-абырой әпермейді.
Кемеңгерге толы ғой кең даламыз,
Қазақ деген осы елге бел баламыз.
Аруларға анаңыздың жолын берсін,
Құнанбайдай әке болсын енді ағамыз.
«Ертерек теңіңді тап» деп жатырсыз,
Ендеше, осы жайды қолға аламыз.
Біздер де елмен-жұртпен теңесерміз,
Жолықса күтіп жүрген «Телқарамыз»!
Қазақ деген осы елге бел баламыз.
Аруларға анаңыздың жолын берсін,
Құнанбайдай әке болсын енді ағамыз.
«Ертерек теңіңді тап» деп жатырсыз,
Ендеше, осы жайды қолға аламыз.
Біздер де елмен-жұртпен теңесерміз,
Жолықса күтіп жүрген «Телқарамыз»!
Абайды жаттап өскен құралаймын,
Бұл сынға қалай енді шыдамаймын?!
«Жүрегінің түбіне терең бойлап»,
Асылды ардақтамас мұрадай кім?!
«Жүректің көзін ашып» арда жұртым,
Өтсе екен сынақтардан құламай мың.
«Бес асыл, бес дұшпанын» жетік білсе,
Алысқа шабар ма едік құладай тың.
«Наданның көзі түгіл көңлін ашқан»
Хәкімнен қалай кеңес сұрамаймын?!
Бұл сынға қалай енді шыдамаймын?!
«Жүрегінің түбіне терең бойлап»,
Асылды ардақтамас мұрадай кім?!
«Жүректің көзін ашып» арда жұртым,
Өтсе екен сынақтардан құламай мың.
«Бес асыл, бес дұшпанын» жетік білсе,
Алысқа шабар ма едік құладай тың.
«Наданның көзі түгіл көңлін ашқан»
Хәкімнен қалай кеңес сұрамаймын?!
Қазағым ақиқаттан адаспайды,
«Жұмбағын» шешкен кезде ұлы Абайдың.
«Жұмбағын» шешкен кезде ұлы Абайдың.
Манағы тіліменен бал тасыған,
Қарындасын түсірмес арқасынан.
Айтысқан ағамызға мың рақмет,
Татырған жырларының тортасынан.
Балталамай өзің отқан бұтағыңды,
Сынақтардың өтіңіз баршасынан.
Айтыста қарсыласым болғанменен,
Өмірде сыйласуға жалпы асығам.
Осыменен айтысымыз аяқталсын,
Пікір күтіп қазылар алқасынан.
Балтасардай ақ пейіл, жақсы ағамды,
Сақтасын батыраштың балтасынан!
Қарындасын түсірмес арқасынан.
Айтысқан ағамызға мың рақмет,
Татырған жырларының тортасынан.
Балталамай өзің отқан бұтағыңды,
Сынақтардың өтіңіз баршасынан.
Айтыста қарсыласым болғанменен,
Өмірде сыйласуға жалпы асығам.
Осыменен айтысымыз аяқталсын,
Пікір күтіп қазылар алқасынан.
Балтасардай ақ пейіл, жақсы ағамды,
Сақтасын батыраштың балтасынан!
Балтасар басым болды
Нәрия мықтығой
Балтасар басым болды. Азулы акындармен соз таластырып журген акын екендигин корсетти.соз саптауы да керемет.
Балтасардын соз саптауы басым болып тур
Нарияның қарқыны басым болып тұр!
Балтасар басым болды
Нәрия мықтығой бәрі бір
Балтасардын соз саптауы мыкты.ойы ушкыр.бакен басым
Нәрия, жарайсың! Шумақтарың өткір, ұтымды! Басым түсті деп ойлаймын
Жақсы айтыс болған екен. Меніңше екі ақында тең.Нәрия айтысқа шақырып қарсыласқа шабуылдағысы келіпті.Балтасар ағамызда қалыс қалып тұрған жоқ,қарымта жауаптары өткір.Екеуіде айтысты тамаша өрбітіпті. Қоғамдағы ер мен әйелдің рөлін назарға ала отырып сөз саптағандары сүйсінерлік екен. Сын айтып, сынаудан аулақпын.Оған дәрежемде жете қоймас.Дегенмен қазылар алқасы пікірді ескеретін болғасын.Ойымды айтып жатырмын.Жарайсыздар!!!
Тартысты айтыс болуы үшін Нəрияның тырысқаны көрініп тұр.
Нәрия, жарайсың!???
Нәрия алға!
Жаксы айтыс болды деп ойлаймын б ішінен бірі асып жатты Балалар басым сияқты
Өз ойым айтыс бір сарында өткен Нәрия айтысты қызықтырғысы келді, бірақ Балтасар ақталумен тура түсініп, жылы жауып қоя салған сияқты.
Ассалаумагалейкум ағайын
Бұл айтыста басымдық айқын көрінет сөз саптауы жағынан Балтасар ақынға беруге болат деп ойлаймын
Бұл айтыста екі тарапта жақсы айтысқан.Бірақ өзіндік сөз саптауымен ерекшеленген Балтасар ақынға жеңісті берер едім
Балтасар басым болды.сөз саптауы жақсы екен.
Негізі Балтазар басымырақ болды.
Балтасар жарайсың! Балтасардың басым екені айқын көрініп тұр.
Жарайсын Балтасар
Балташ жарайсың! Тәжірибелі екені көрініп тұр.
Айтыс жаксы Балтасар нақтырақ айтқан сияқты
Жаксы айтыс болыпты
Балтасар ағай біраз басым болып тұр екен. Алла жар болсын 2 ақынға. Бірақ жеңіс Балтасар ағайдың қанжығасында деп ойлаймын
Бәкеңнің сөз саптауы басым болып тұр екен.
Балтасар жарайсың
Мененше айтыс тартымды екеуиде сауатты айтыс откизди сал басымдылык Балтасар. да
Балтасар ағамыз басым
Жарайсың Балтасар
Балтазар алга
Ізтілеуов Балтазар жақсы айтты жарайсың
Балтасар жарайсың!
Балтасар жақсы ақын. Басымдылық бар. Сөз саптасы да өте жақсы. Ұтымды жауап айта білген
Екі ақынның да сөз сақтауы тамаша.
Менің ойымша БАЛТАЗАР басым болған секілді екі ақында жаман емес,қаламдарың ұштала берсін.
Екі ақында жаман емес,бірақ Балтазар басымдау.Қаламдарың ұштала берсін.