Тіркеу уақыты қысқарады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.IMG_1695
IMG_1679IMG_1882Қостанай қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да тұрғындарға шетелдік көліктерді тіркеу тәртіптері түсіндірілді. Облыс әкімі көлігін тіркеген жетінші тұрғынмен тілдесті. Ол көлігін Армениядан әкелген.IMG_1707
– Автокөліктерді тіркеу заң аясында жүреді. Сырттан құны арзан көлік әкелген екенсің, оны еліміздің жолдарында емін-еркін қатынай алатындай етіп рәсімдеу керек. Міндетті түрде қазақстандық нөмір алу қажет. Әйтпесе, көлікті тұтастай болсын, бөлшектеп болсын, сатудан асқа амалың жоқ. Өткенде «Қостанай таңынан» полиция қызметкерлерінің көліктерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын оқығанмын. Мұндай жұмыстың ауқымын әлі де кеңейте түсу қажет сияқты. Адамдар шетелден алған көлігін тіркеудің артықшылықтарын әлі де толық түсіне алмай жатыр, – дейді көлік иесі.
Архимед Бегежанұлы тіркеуге жұмсалатын уақытты 15-20 минутқа дейін қысқартуды тапсырды. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының басшысы Қанат Төлепұлының айтуынша, облыс орталығына тағы бір цифрлық ХҚКО қажет.
– Егер қажет деп тапсаңыздар, қала әкімдігі ғимарат бөлсін. ТиістIMG_1735і нысанды таңдап алып, бірінші қабаттан ХҚКО ашайық. Бірақ барлығы заң аясында, конкурс жариялау арқылы жүзеге асырылады. Бұған қоса көліктерді тіркеуге байланысты түсінік жұмыстарын күшейту қажет. Әсіресе оң жақ рөлді көліктердің жағдайын дұрыс, нақты жеткізіңіздер, – деді облыс әкімі.IMG_1814
Әкімшілік полиция басқармасы, кеден және салық органдары мамандары ХҚКО-да демалыссыз жұмыс істейді. Уақытша тіркеу үшін орталыққа көліктің техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік нөмірін тапсыру қажет. Мемлекеттік баж салығы көліктің шыққан мерзіміне байланысты салынады.IMG_1921
 
 Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓