Әулиекөл тас жолы әлі жабық

Кеше түске таман басталған ақтүтек қарлы боран бірқатар өңірлерді әбігерге салуда. Қостанай облысында да барлық бағыттағы жолдар жабылып, үздіксіз соққан боранның салдарынан күре жолдар бітеліп, елді-мекендерді қар басуда. Қазір жол тазалаушы мекемелер қызу жұмысқа кіріскен.
техника аулиеш
Әулиекөл селосында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.  Село әкімі Дүйсенғали Тілемісовтың айтуынша, таңғы 6-дан бері үш техника село ішін қардан тазартып жатыр.
-Жалпы, биыл қар тазалау жұмыстарына 4 млн теңге бөлінді. Сондықтан, қар тазалауға кедергі жоқ. Дегенмен, ақ түтек боран әлі соғып тұр. Соған қарамастан аудандық коммуналшылар қазір күшейтілген жағдайда жұмыс істеп жатыр, – дейді село әкімі.
“Қазавтожол” мекемесіне қарасты 55-ші жол пайдалану бекеті бастығының міндетін атқарушы Виктор Кирьяктың айтуынша, Әулиекөл бағытындағы республикалық трассаны қардан тазарту жұмыстары әлі жүріп жатқан көрінеді. Қазіргі таңда 5 техника трассаны қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.
 -Қостанай ауданының шекарасына дейінгі республикалық бағыттағы жолды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Біздің жігіттер түнімейін қар тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ауа-райының қолайсыздығынан барлық бағыттағы көлік қозғалысына шектеу қойылғанмен, жолға шығып кеткен жолаушылар да жоқ емес екен. Жол бойында екі жүк көлігі қалып қойыпты. Қазір де жол жабық. Өйткені, боран әлі соғып тұр. Сондықтан, біз күндіз-түні екі ауысымда еңбек етіп, қарды тазалау ісін бақылауда ұстайтын боламыз. Дегенмен, тұрғындар да алыс жолды кейінге қалдырып, қауіпсіздік шараларын сақтаса екен, – дейді В.Кирьяк.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓