Бұл не қылған батпан құйрық?
ҚР Ішкі істер министрлігі "Қазан" ("Котел") немесе "Қара касса" ойынының жарнамасы бар хабарламалардың таралу дерегін тесеріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазады.
"Мұндай қаржылық пирамиданы құру және басқару ісімен айналысқан тұлғалар қылмыстық жазаға тартылып, бүкіл мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін (ҚР ҚК 217-бабы) екенін ескертеміз. ІІМ Қылмыстық полиция департаменті жоғарыда аталған дерек бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар "Қазан" немесе "Қара касса" ойнына қатысуға шақыратын хабарламаны жаппай тарата бастаған.
Ойынның ережесі мынадай: әр жаңа қатысушы ортақ банкке 14 300 теңге салып, соңынан екі адам ертіп әкелуі керек. Оған жаңа қатысушылар қатарға қосыла түсіп, мөлшерлі деңгейге жеткенде 114 мың теңге сыйақы беру уәде етіледі. Экономистер бұл ойында қаржылық пирамида белгілері бар екенін анықтады.
Сурет интернеттен алынды