Баспанамен қамту жұмыстары жалғаса береді

Мемлекеттік “Нұрлы жер” бағдарламасының барлық бағыты халықты баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Қостанай облысында да аталмыш бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Дегенмен, облыс әкімі А.Мұхамбетов аппарат жиынында аудан, қала әкімдеріне арқаны кеңге салмай азаматтардың тұрғын үй алу кезегін қысқарту үшін одан әрі жұмыс істеуі қажеттігін ескертті. 
аппарат
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Б.Таңжарықовтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде “Нұрлы жер” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен бөлінген 19,7 млрд теңгенің 3,3 млрд теңгесі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына жұмсалған. Ал, көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 58 пәтер алуға 487 млн теңге (Қостанай қласында 50 пәтер, Қостанай ауданында 8 пәтер) жұмсалған.
аппарат5
-21 көп пәтерлі және 143 жеке несиелік үйдің құрылысына 6,2 млрд теңге “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ филиалы арқылы берілді. Сондай-ақ, тұрғын үйдің жаппай құрылысы “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ филиалына 2019 жылы депозиттік қоржынды 19 669 салымға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2019 жылы 19 млрд теңгеден астам сомаға 2292 несие берілді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге бөлінген 9,7 млрд теңгенің арқасында Қостанай қаласындағы Юбилейный және Әуежай шағын аудандарындағы инженерлік желілерді жүргізу аяқталды және Қонай, Береке шағын аудандарына су, кәріз, газ, электр желілерін өткізу жұмыстары басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, инженерлік желілерді салу бойынша да жобалар әзірленуде, олар ағымдағы жылдың наурыз айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралады, – дейді басқарма басшысы Б.Таңжарықов.
аппарат1
Бүгінде өңірде көпбалалы және толық емес отбасылардың баспаналы болуына да барынша көмек көрсетілуде. Соның ішінде, “Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларға “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы “Бақытты отбасы” бағыты бойынша жеңілдетілген несие берілуде. Ол үшін кезекте тұрған отбасылар жылдық 2 пайызбен, 10 пайыздық бастапқы жарнамен несиеге жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып ала алады. Жобаны іске асыру кезеңінде аталған банк арқылы 897,3 млн теңге сомасына 131 қарыз берілген. Ал, “7-20-25” бағдарламасы облыста жүзеге асырыла бастағаннан бері екінші деңгейлі банктерге 8,3 млрд теңге сомасына 1079 өтінім келіп түскен, оның ішінде 5,5 млрд теңгеге 712 несие берілді. Осы бағдарлама бойынша біздің облыста 8 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді (“Банк ЦентрКредит” АҚ ҚФ, “Қазақстан Халық банкі” АҚ ҚФ, “АТФ Банк” АҚ ҚФ, “Forte банк” АҚ ҚФ, “Jysanbank” АҚ ҚФ, “Сбербанк” АҚ, “Еуразиялық банк” АҚ, “Банк РБК” АҚ). Былтыр 422 мұқтаж азамат барлық санаттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 279 пәтер көп балалы отбасыларға, 53 пәтер жетім балаларға, 88 пәтер бюджет қызметкерлеріне, 2 пәтер ҰОС ардагерлеріне берілген.
аппарат3
-Біз 2020-2022 жылдарға арналған тұрғын үй жоспарын бекіттік, нәтижесінде 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бүгінде облыс бойынша 70 мыңға жуық салымшы бар. Жинақтар шамамен 36 миллиард теңгені құрайды, ал 8 мыңнан астам адамның 2 немесе 3 млн теңге жинағы бар. Егер біз жылына 3 мыңнан астам пәтерді енгізсек, онда 2-3 жылдық қорымыз болмақ. Дегенмен, әкімдіктерге босаңсуға болмайды, азаматтардың тұрғын үй алу кезегін қысқарту үшін одан әрі жұмыс істеуі қажет, – деп түйіндеді облыс әкімі А.Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓