Өкінішті…
Жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген 9 жасар қыз 5 күн комада жатып, ес жимаған күйінде жан тапсырды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қобыланды батыр даңғылы бойында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз бала бүгін қайтыс болды. Анасы әлі қалалық ауруханада ауыр халде жатыр", – делінеді хабарламада.
Естеріңізге салайық, 12 ақпанда Қостанайда ана мен баланы көлік қағып кетті. Жапа шегушілердің ауруханаде комада жатқаны хабарланған еді. Қостанайлықтар олардың өімірін құтқару үшін қан тапсыруға атсалысты.