Демографияға демеу
Былтыр Қостанай облысында 10405 сәби дүниеге келген. Өңірдегі 18 жасқа дейінгі балалардың барлығы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін тіркелген. Олардың сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді. Мәселен, облыста жасөспірім және балаң жастағы азаматтардың ұрпақ жалғастыру саулығын сақтау бағытында Жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді. Мұндай орталықтардағы көмек тегін әрі құпия түрде көрсетіледі. Мұнда жастар жыныстық жолмен берілетін аурулар, контрацепция мәселелері жөнінде кеңес ала алады.
"Мұндай орталықтар бүгінгі қоғамда маңызды орын алады. Мұның сыртында, акушер-гинеколог мамандар жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде білім алып жатқан жасөспірімдермен жиі әңгімелесіп, кеңес беріп тұрады. Мысалы, былтыр біздің мамандар облыс орталығындағы білім ошақтарында оқитын 700-ден астам жасөспіріммен әңгіме өткізді. Сараптамалық талдау жұмыстарының қорытындылары бойынша Қостанай облысында сәбилер өлім-жітімінің едәуір азаю тенденциясы байқалады", – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Дудник.

Нұрқанат Құлабаев