Ғажайыпқа толы түн
18 мамыр – халықаралық музейлер күні. Біздің өңірімізде жыл сайын осы күн қарсаңында «Музей түні» акциясы ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 17 мамыр кешке облыстық өлкетану мұражайы қызметкерлері «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің және «Қызғалдақтар – Ұлы дала символы» фотокөрмесінің тұсаукесерімен бастап отыр. Музейге келушілерге этнографиялық театрландырылған – ойын бағдарламасында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптары таныстырылды. «Қазақ тұлпары» ЖШС аттарымен серуендеу, жанданған картиналар, йогадан және үнді биінен шеберлік-сағаттары, фламенко және зумба, тағы көптеген шаралар үлкендер мен балаларға ерекше көңіл сыйлады.
Жаңа түсімдер көрмесі, «Бабалар келбеті» антропологиялық көрмесі, остеологиялық қор жиынтығынан «Жануарлар патшалығының тәжі» атты эксклюзивті көрмелерге қызығушылар саны көп болды. Әсіресе «Музей жәдігерлерін анықтау» интерактивті көрмесі ұмытылмас әсер сыйлады.
«Аңшылар мен браконьерлер» экобағдарламасы, «Тосынсый» балалар театрының көрінісі, «ShowBooom» балаларды қуанышқа бөлеу бюросының таңғажайып крио-сияпаттары жеткіншектер үшiн тартымды болды.
«Аңшылар мен браконьерлер» экобағдарламасы, «Тосынсый» балалар театрының көрінісі, «ShowBooom» балаларды қуанышқа бөлеу бюросының таңғажайып крио-сияпаттары жеткіншектер үшiн тартымды болды.
Акция қонақтары «Партия алтыны» атты тарихи квестке қатысып, өткенге тартымды саяхат жасады. Туған еліміз туралы көптеген қызықты мәліметтерді «Grand luxe» тіл орталығының ағылшын тіліндегі «Менің Қазақстаным – 7 Wonders» квест ойыны берді.
Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде балаларға арналған ойын алаңы, әсерлі ән-би бағдарламалары, музейдің ішкі көрінісінде және фотоаймақтардағы селфи, суретке түсу, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері және шеберлік-сағаттары, музей «трактиріндегі» шай дастарханы жайылды.